бет 13/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.
13-14-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Білімділік:
Интербелсенді әдістер мен тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке ма- шықтандыру.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қазақша Сөйлесімге түседі, қарапайым сөйлемдер арқылы
отбасылық дәстүрлер мен мерекелер жайлы айтып бере алады, сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында отбасылық дәстүрлер мен мерекелер жай- лы мәтін құрай алады.
Негізгі түсініктер:
Отбасы, дәстүрлер, бата, ата, ана.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер , карточкалар, А4 парағы.
Оқыту әдістері:
Көрнекілік, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Мен үлкенмін» тренингі, «Сұрақ-жауап» ойыны, «Тірек сөздер» стратегиясы , ассоциаграмма, ойбөліс.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу
«Мен үлкенмін» тренингі. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, сәлемдеседі, түгендейді.
Оқушылар екі қатарға тұрады. Екі қатардың ортасынан өз отбасыларының үлкендері кейпінде қол бұлғап, амандасып өтеді.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.
28
1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Қызығушылықты ояту
Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып , ассоциаграмма құрайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазы- лым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1, 4-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Өз отбасы туралы мәтін құрап жазады, сөздерді жекеше, көп
ше түрде тәуелдейді.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 2, 3-тапсырманы орын- датады.
Айтылым. Полилог құрады, отбасы мүше- лерін таныстырады, сипаттайды , суреттерге қарап, кім бата беріп тұрғанын айтады.
2. «Білгенге маржан» айдарымен берілген нақылды оқиды, талдайды.
Нақылды оқиды, талдайды.
3. Сергіту сәті. «Сұрақ-жауап» ойынын ұйымдастырады. Сыныпты екі топқа бөледі.
Бірінші топ тақырыпқа қатысты сұрақ қояды, екінші топ сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Ой толғаныс
Топтық жұмыс. «Қазақ отбасының дәстүрлері мен мерекелері» тақырыбында ойбөліс өткізеді (5-тап- сырма). Тақырып бойынша өтілген материалдар қайталанатындай бірнеше маңызды сұрақтарды анықтап алады.
Айтылым. Аталған тақырыпқа қатысты ойбөліске қатысады. Қойылған сұрақ- тар бойынша әр дәстүрдің ерекшелігін, маңызын ашады.
IV. Бекіту
Ой-Бәйге ұйымдастырады (6-тапсырма). Қазақ отбасында өтетін мерекелер мен дәстүрлер туралы шығарма бәйгесін өткізеді.
Жазылым. Шығарма бәйгесіне қатысады, жазған шығармасын сынып алдында оқиды.
V. Бағалау
Өткен тақырыптарды пайдаланып, карточкалар беру арқылы оқушыларды суммативті бағалау.
Карточкадағы тапсырмаларды орындайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
29
Достарыңызбен бөлісу: