Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымдысөздерестідіңдер?Жауаптыңнәтижесібойын- ша сабаққорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптас-тары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
5-6-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Сүйікті жазушы.
Білімділік:
Тілдік коммуникация барысында сүйікті жазушысы жайлы ақпарат бере білуге үйрету.
Дамытушылық:
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Қазақша берілген мәтіндер арқылы көркем өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде сүйікті жазушысы жайлы ақпараттар бе- реді, оларды таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сүйікті жазушысын сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен қазақша сүйікті жазушылары жайлы тілдеседі, шағын мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Сүйікті, дүниеге келу, Жазушылар одағы, қызмет атқару.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатындатақырыпқақатыстыдайындағанслайдтарымен таныстырады, жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы жайлыайтады.Балаларғаойшақырусұрақтарынқояды:
-Балалар,Б.Соқпақбаевтуралынебілесіңдер?Оныңқандай шығармаларын оқыдыңдар?