Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет10/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


«Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда...»



Білімділік:

Ата-әже тәрбиесіне қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тілдік коммуникация құру.

Дамытушылық

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтін- дерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы атаның отбасындағы рөлі туралы толық ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Жарықтық, зиялы, қалжыраған.

Сабақта қолданылатын мате- риалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, Сәбит Оразбаевтың орындауындағы «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» әнінің үнтаспасы, сөздік, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, синквейн, «Жұптас. Ойлан. Пікір- лес» стратегиясы, «Оймоншақ» тәсілі, топтық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен- жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Сәбит Оразбаевтың орындауындағы «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» әнінің үнтаспасын тыңдатады, тақы- рыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды: — Балалар, сендер аталарыңды жақсы көресіңдер ме? Аталарың сендерге қандай ақыл-кеңес береді?

Ән тыңдайды, слайдтарды қарайды, сұрақтарға жауап береді.

22


1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.



Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орында- тады.



Айтылым. Суретке қарайды, кейіпкердің әрекеті туралы сөйлеседі.

Ә) Оқылым. Айтылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 2-тап- сырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Бата-тілекті мәнерлеп оқиды, батаны кім беретіні туралы білетінін айтады.

Б) Тыңдалым. Айтылым. Жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орында- тады.

Тыңдалым. Айтылым. Үнтаспа

дан ән тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.



3. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, онда не туралы айтылғанын болжайды.



Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Б)


Жазылым. Сөздікті пайдаланып, сөздердің ау- дармасын табады, мағынасын анықтайды.

Б Б) Оқылым. Айтылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6,7-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтайды, сөздерді оқиды, мағынасы ұқсас сөздерді тауып сәйкестендіреді.

В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Оқушылар «Оймоншақ» тәсілімен мәтін мазмұнын бір-бір сөйлемнен айтады, алдыңғы айтқан оқушының ойын келесі сөйлеуші үзбей жалғастырып отырады.

4. Сергіту сәті. Сахналық қойылым (10-тапсырма) ұйымдастырады.

Топтық жұмыс. Топқа бірігеді, сахналық қойылым сценарийін жазады, 15-18 үнқатымнан тұратын қойылым көрсетеді.

5. Мәнерлеп оқу. А) Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!» айдарында берілген мақалды оқиды, мағынасын түсіндіреді. Отбасына байланысты өздері білетін мақалдар жайлы сұрайды.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.

Мақалды тыңдайды, дұрыс оқиды, отбасы туралы өздері білетін мақалдарды айтады.



6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 11, 12-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдейді, ашықхат дайындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 13-тапсырманы орында- тады.

«Қазақ дәстүрі» тақырыбында синквейн дайын- дайды.

IV. Бекіту

Жұптық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратеги- ясы.

Өз жұбымен «Менің атам» деген тақырыпта мәтін құрастырады.



23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет