Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет11/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы



Оқушының аты-жөні

Баға

1

Айқын

5

2

Айша

5







Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма


Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.






VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.

9—10-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Атам бата береді.



Білімділік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы бата-тілектер жайлы танымдық ақпарат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, сөйлесімге баулу.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мә- тіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы бата-тілектер туралы толық ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Ардагер, соғыс, еңбек, бата беру.

Сабақта қолданылатын матери- алдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастер- лер, үнтаспа, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, «Мен үлкенмін» тренингі, диалог, постер, «Броундық қозғалыс» әдісі, жұптық, топтық жұмыстар, кластер.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

24


1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу


«Мен үлкенмін» тренингі. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, сәлемдеседі, түгендейді.


Оқушылар екі қатарға тұрады. Екі қатардың ортасынан өз отбасыларының үлкендері кейпінде қол бұлғап, аманда- сып өтеді.



Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында үнтаспадан қазақша баталар тыңдатады, тақырыпқа қатысты дайындаған слайдта- рын көрсетеді, сұрақтар қояды: Балалар, сендер бата туралы не білесіңдер? Дастарқанға қалай бата береді?

Бата тыңдайды, слайдтарды қарайды, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Суретке қарайды, бата беріп отырған атаның бейнесін суреттеп жаза- ды.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Б)


Жазылым. Мәтін мазмұны бойынша тақы- рыптарды реті

мен орналастырады, жоспар құрады.



Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6,7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, диа- лог құрады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

Топтық жұмыс. А4 парағына бата беріп отырған аталарының суретін салады, постер жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 8,9-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым. Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдейді, ғаламтордан бата тура- лы қосымша мәлімет жинайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға мәтін құрау үшін «Менің атам» деген тақырып береді.

Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалар мен ой бөліседі. Мәтін құрастырады.

IV. Бекіту

Жұптық жұмыс. «Бата» тақырыбында кластер құрғызады.

Кластер құрады.



25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет