Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет8/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы




Тәрбиелік:


Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған мәтіндер негізінде оқушыларды отбасылық қарым-қатынасты қадірлей білуге тәрбиелеу.



Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша «төр» ұғымы туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы отбасылық қарым-қатынастарды сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, сыныптастарымен тілдеседі.

Жаңа сөздер:

Төр, босаға.

Сабақта қолданылатын мате- риалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, отбасы мүшелерінің суреті, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, жағ- даяттық тапсырма, «Интервью» блиц ойыны, «Жеке әңгіме» техникасы, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында қазақы отбасы бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Суреттерде не бейнеленгендігін сипаттап беру- лерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Дастарқан жасау тәртібін ретімен жазады.

3. Тілдік бағдар. Тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгертеді.

Тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгереді.

18


1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәнер- леп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтан- дыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, түсінгенін айтады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру 4-тапсырманы орындатады.

Б)


Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Б Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздерді үш бағанға бөліп жазады.

5. Сергіту сәті. «Интервью» блиц ойынын ұйымдастырады.

Оқушылардың арасынан тілші сай- ланады. Тілші әр оқушыға отбасы мүшелері жайлы сұрақ қояды.

Оқушылар отбасы мүшелері туралы интервью береді.



6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Сөйлесім. Сұхбат құру мәдениетін қа- лыптастыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалогті толықтырады, қарт кісі мен ұл баланың арасындағы әңгімені жалғастырады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға, машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым.

Дастарқан басында не істеуге болмайтындығын жазады.



ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Ұлағатты сөздерді түсініп оқиды, шағын мәтін құрап жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы біл- діреді.

5-6-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Табалдырықты баспа!



Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларға тыйым сөздер жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Шағын мәтіндер негізінде оқушылардың тыйым сөздер туралы дүниетанымын кеңейту.


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет