Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет25/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы

9-10-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Түлкі мен қырғауыл.

Білімділік :

Қазақ тіліндегі танымдық ақпараттардың негізінде оқушыларға құстар әлемі жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, сөйлесімге баулу.

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде құстар әлемі жайлы ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ойды табады, тақырып бойынша өз ойын айта- ды, сыныптастарымен тілдеседі.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты диалог, шағын мәтін құрай алады.



Жаңа сөздер:

Қырғауыл, естімейді, заман, бұйрық, зорлық қылмасын, алды-артына қарамастан.

Сабақта қолданылатын мате- риалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А 4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты буклеттер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сипаттау, «Шаттық шеңбері» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, «Жағымды сөздер» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілек- тер айтады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында тақырыпқа қатысты слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды:

— Балалар, құстар әлемі жайлы не білесіңдер? Құстар туралы қандай ертегілер білесіңдер?



Слайдтарды көреді, сұрақтарға жауап береді.

52


3-тақырып. Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 3-тапсыр- маны орындатады.



Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Үлгіге қарап, сөйлем құрайды, қою қаріппен берілген сөздерді алмастырады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп оқиды.



Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтін мазмұнына сәйкес сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіреді.

Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырма- ны орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұ- нын ашатын тірек сөздерді теріп жазады, сөз тіркесін құрайды.

В) Айтылым. Оқулықтағы 7, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауапты тауып айтады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А 4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады.

Топтық жұмыс. А4 парағына «Түлкі мен қырғауыл» сайысы

ның суретін салады, сипаттайды.



5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сау- атты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Берілген сұрақтарға жауап жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмысты 11-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Мәтінге жоспар құрады.

IV.Бекіту

А) Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Диалогті тыңдайды, түлкі мен қырғауылдың рөлін

де қойылым жасай ды.



Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады.

Мәліметтерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.





53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет