Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Тақырыбы: Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің сапа деңгейін бағалау



бет37/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Квалиметрия

Тақырыбы: Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің сапа деңгейін бағалау
Жұмыстың мақсаты:
1 Органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері бойынша жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің сапасын анықтау.
2 Нәтижелерін ресімдеу.
3 Бақылау сұрақтарға жауап беру.

Ауылшаруашылық құстардың (тауықтың, үйректің, күркетауықтың, қаздың, бөдененің) жұмыртқалары дегеніміз жоғары биологиялық құндылығы бар өнім.


Тағамдық жұмыртқаларды емдәмдік және асханалық (бұлар сақтау жағдайларына байланысты жаңа табылған және тоңазытқыштық) болып бөлінеді.
Емдәмдік – 7 күннен аспай сатуға түскен, минус температурасында сақталмаған, әк тас ерітіндісіне салынбаған салмағы 44 төмен емес жұмыртқалар. Емдәмдік жұмыртқалардың қабықтарын мөртаңбамен таңбалайды, онда жұмыртқаның табылу айы, күні және санаты (Д1-қызғылт-таңқұрайлық бояуы, ал Д2 – күлгін бояуы бар) белгіленген.
Асханалық – табылған күннен 7 күн асқаннан кейінгі, салмағы 43 г жоғары жұмыртқалар.
Жаңа асханалық – табылған күннен 30 күн аспай -1-2 °С температурада сақталынған жұмыртқалар.
Тоңазытқыштық асханалық – табылған күннен 30 күн асып – 1-2 °С температурасында сақталынған жұмыртқалар.
Емдәмдік жұмыртқалар салмаққа байланысты, ал асханалық жұмыртқалар сонымен қатар сапасына қарай 1 және 2 санатқа бөлінеді.
Сатуға мынандай жұмыртқалар жарамайды: салмағы 43 г төмен (ұсақ), кірленген қабықшасы бар, тағамдық толық жетілмеген немесе техникалық жұмыртқаларға жататындар.
Тағамдық толық жетілмегендерге мынандай ақаулары бар жұмыртқалар жатады: қанды сақинасы, үлкен дағы бар жұмыртқалар.
1 Жұмыртқаның органолептикасы
1.1 Жұмыртқаның түсі мен консистенциясын анықтау
Көлемі 100 мл стақанға араластырылған жұмыртқаны құйып, стақанға ақ бет қағаздың үстіне қояды да түсі мен консистенциясын анықтайды.
1.2 Жұмыртқаның иісін анықтау
Көлемі 100 мл стақанға 20г араластырылған жұмыртқаны салып, үстінен 50 мл қайнап тұрған суды құяды да, өнімнің иісін анықтайды. Ол балғын жұмыртқаға тән болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет