Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Өсімдік майының құрамындағы сабынданбайтын заттың мөлшерін анықтау



бет36/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Квалиметрия

2.3 Өсімдік майының құрамындағы сабынданбайтын заттың мөлшерін анықтау
МЕМ СТ бойынша тазартылған майда сабынданбайтын заттар мүлдем болмауы керек. Ол майдың сапасын төмендетіп, иіссіздендіру процесін жүргізуге кедергі жасап, майда сабынның дәмі пайда болады. Сондықтан майда сабынданбайтын заттың мөлшерін анықтау міндетті түрде жүргізілуі керек.
Сапалық анықтау
Жұмыстың барысы: Пробиркаға 5 мл дистилленген су құйылады, оған 2-3 тамшы фенолфталеин қосып қайнатады, одан кейін 1-2 мл май қосып 5 минут ішінде тағы да қайнатады. Егер сабынданбайтын заттар болса, онда майдың сулы қабаты қызғылт түске боялады.
Сандық анықтау
Жұмыс барысы: Алдын-ала кептірілген колбаға өлшеп 10 г май салады, оған 5 мл 95 %-ті этил спиртін, 30 мл бензин құйып, май толық ерігенше араластырады. Алынған қоспаға 80-90 °С дейін қайнатылған 50 мл дистилленген су қосып, шайқайды, содан кейін оған 5 тамшы қызыл метилды қосып, 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісімен титрлейді (титрлеу кезінде колбаның ішіндегісі ыстық болуы керек).
Титрлеу кезінде күкірт қышқылын 1 тамшылап қосып, қоспаның қабаттарға бөлінуін қарайды да, майдың төменгі сулы қабатының түсінің өзгеруіне көңіл бөледі.
Осы анықтаумен қатар басқа анықтау жүргізіледі, мұнда этил спирті, бензин, және су алынады, бірақ өсімдік майы қосылмауы қажет.
Сабынданбайтын заттың мөлшерін келесі формуламен есептейді:
Х = (Vl —V2) *0,0304 * 100*К / т;
Мұндағы: V1 — негізгі анықтауға кеткен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісінің мөлшері, мл; V 2 қатарынан жүргізілетін анықтауға кеткен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісінің мөлшері, мл; 0,0304— 0,1 н қышқыл ерітіндісінің 1 мл сәйкес болатын сабынданбайтын заттың мөлшері, г; К – 0,1 н күкірт қышқылына санағандағы титрге сілтеме; т – майдың мөлшері, г. Сабынданбайтын заттардың өсімдік майларындағы мөлшері 0,6-1 % шамасында.
Бақылау сұрақтары:
1 Өсімдік майларына жалпы сипаттама. Өсімдік майларының химиялық құрамы.
2 Өсімдік майларының органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.
3 Өсімдік майларының физико-химиялық көрсеткіштерін анықтау.

№ 9 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет