Қышкылдатып-қайнату сынамасы (А. Войткевич бойынша)
0,5 миллилитрамнан бастап 0,1 миллилитрден бiртiндеп қосып 1,2 миллилитрға дейiн шыны түтiкке бюреткадан күкiрт немесе тұз қышқылының 0,1 н ерiтiндiсiн құяды. Әрбiр шыны түтiкке 10 миллилитрдан сыналынатын сүттi құйып, iшiндегiсiн араластырып, шыны түтiкшелердi 3 минутқа қайнаған суға құяды. Сонан соң шыны түтiкшелердi судан алып, сүтi ұйыған шыны түтiкшелердi белгiлейдi. Егер iрiмеген сүтке неғурлым көбiрек қышқыл қосқанда, сүт сол бетi iрiмей тұрса, онда мұндай сүт балғын деп есептеледi және ол көп уақыт сақталынады. 10 мл балғын сүтке 0,8-1,0 мл 0,1 н қышқыл ерiтiндiсiн қосуға болады және ол мұндай жағдайда iрiмеу керек.
Қышқылды сынама
Диаметрi 1,8 см, ұзындығы 15 см жiңiшке қабырғалы химиялық шыны түтiкшелерге тамызғышпен 10 мл сүттi өлшеп құяды. Шыны түтiкшелерге 1,5 мл сiрке қышқылының ерiтiндiсiн (81 реактив) қосып, араластырып, шыны түтiкшелердi температурасы 80 С су моншасына қояды. Су моншасындағы судың мөлшерi шыны түтiкшелердегi сyттiң мөлшерiнен жоғары болуы керек. Су моншасында шыны түтiкшелердi 3 минут ұстап, алады, сосын ұйытындының сипаттамасын қарап, сүттi топтарға бoледi.
Алкогольдiк сынама
Теориялық талқылау. Спирт сүттiң ақуызын денатураттайды, сондықтан сүт пен 75 % спирттiң бiрдей көлемдерiн араластырғанда, құрамындағы ақуыздары кейбiр өзгерiстерге ұшыраған жоғары қышқылды сүт жартылай немесе толығымен ұйып кетедi; балғын сүт өзгермейдi.
Анықтау әдiстемесi. Шыны түтiкшедегi немесе Петри шыны аяғындағы 2 мл сүтке дәл осындай көлемде спирт қосады. Шыны тұтiкшенiң iшiндегiсiн араластырады. 2 минуттан кейiн сүттiң күйiн тексередi. Егер де шыны түтiкшенiң қабырғасынан сүт аққанда үлпектер пайда болмаса, онда сүт балғын деп есептеледi. Әзер көрiнетiн үлпектерден пайда болатын ақуыздардың коагуляциясы сүттiң жоғары қышқылдығын – төменгi төзiмдiлiгiн бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |