1.5.3 Ализаролды сынама
Сiлтiлi ортада сия көк түсi, қышқыл ортада ашық-сары және бейтарап ортада қоңыр түсi бар ализарин индикаторын қолданып, рН мөлшерiне сынама жүргiзгендегi сынама алкогольдiк деп саналады. Сүттiң сапасын оның түсi мен үлпектердiң түрiне қарап қатар бағалайды.
Шыны түтiкшедегi 2-3 мл сүтке бiрдей мөлшерде ализариннiң қаныққан ерiтiндiсi мен 68 % спирт қосып, шайқайды. Түсiнiң өзгерiлуi мен пайда болған казеин үлпектерiнiң сипатын бақылайды.
Егер сүтте сүт қышқылды ашу болса, онда ализаролды сынама казеинiң коагуляциясы мен бояуды бередi, осылай сүттiң сапасы мен төзiмдiлiгiн қарайды. Егер сүтте сүтқышқылды ашумен қатар сычужды ашу болса, онда қышқылдық баяу өседi де, түзiлген қызыл бояу бойынша казеиннiң коагуляциясын байқауға болады.
1.6 Сүттің құрғақ қалдығының мөлшерiн (ылғалдылығын) анықтау
Кептiргiш шкафта кептiру
Жұмыстың орындау тәртібі: Бюкске немесе жалпақ түбi мен мықты жабылатын қақпағы бар алюминий (никель) шыны аяғына 20—30 г құм (52 реактив) және шыны таяқша салады. Бюкстер мен қақпақтарды ашық желдеткiштiк жапқышы мен терморегуляторы бар кептiргiш шкафқа (температурасы 102-105 С) шкафтың есiгi мен қабырғаларынан алшақ, термометрдiң сынапты резервуардың деңгейiнде сөреге орналастырады. Кептiру кезiнде шкафтың есiгiн ашпау керек. 30 минуттан кейiн бюкстердi алып, қақпақтарын жауып, суыту үшiн эксикаторға қояды: металдан жасалған бюкстердi 15-20 минутқа, шыныдан жасалған бюкстердi 30-35 минутқа қояды, сонан кейiн оларды 0,001 г дейiн дәлдікпен өлшейдi.
Тамызғышпен бюкске 10 мл сүт құяды, қақпағын жауып, өлшейдi. Айырмашылық бойынша сүттiң мөлшерiн есептейдi.
Зерттелетiн сүт пен құмды таяқшамен араластырады, бюкстердi 30-40 минутқа қайнаған су моншасына қояды; бюкстердiң түбi будың үстiнде тұру керек. Ылғалдықтың көп бөлiгiгiнiң буға, ал бюкстiң iшiндегiсi бытырап таралатын борпылдақ массаға айналғанша араластырады. Бюстердiң түбiндегi сыртқы жақтарын сүртiп, бюкстер мен қақпақтарын бөлек 2 сағатқа кептiргiш шкафқа қояды. Сонан кейiн бюкстердi эксикаторда суытып, өлшейдi. Кептiру мен өлшеудi сағат сайын қатар жүргiзiлген өлшеулердiң айырмашылығы 0,004 г тең немесе одан төмен болғанға дейiн жүргiзедi. Әдетте сүттi 2-3 рет кептiредi. Сүттегi құрғақ қалдықтың мөлшерiн келесi формула бойынша шығарады:
(g1 –g0)
С = ---------- * 100;
(g -g0)
мұндағы g0 - құм мен таяқшасы бар бюкстiң салмағы, г; g – кептiргенге дейiн құм, таяқша мен сүтi бар бюкстiң салмағы, г; g0 – кептiргеннен кейiн сүтi бар бюкстiң салмағы, г.
Қатар жүргiзiлген анықтаулар арасындағы айырмашылығы 0,2 % аспау керек.
Ылғалдықтың мөлшерiн W формула бойынша есептейдi:
(g – g1)
W = --------- * 100;
(g - g0)
А. Дуденков деген ғалым құмның орнына бюкстiң түбiне екi оралған дәкенi салу керек дедi. Дәкесi бар бюкстердi 30 минут бойы кептiредi. Бұдан кейiн бюкске дәкенiң үстiне жiңiшке қабатпен бiрқалыпты мөлшерде 3 мл сүт құяды. Бюкстердi кептiргiш шкафқа орналастырады да, алғашқы кептiрудi 1 сағат бойы, ал келесi кептiрудi 30 минуттан кейiн жүргiзедi. Кептiрудiң жалпы ұзақтығы 2 сағат 30 минутқа дейiн қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |