Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Зерттеудің физико-химиялық әдістері



бет47/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Квалиметрия

2 Зерттеудің физико-химиялық әдістері
2.1 Қышқылдығын анықтау
Боялған балмұздақты глазурь мен вафельдан тазалап, қаймақ тәрiздi консистенцияға дейiн жұмсартады, цукаттарды, жаңғақтарды, т.б. қоспаларды алып тастайды. Бұдан кейiн 5 г балмұздаққа 30 мл су, 3 тамшы фенолфталеин қосып, сүттегiдей титрлеу жүргiзедi.
5 г боялған балмұздаққа 80 мл су, 3 тамшы фенолфталеин қосып, титрлейдi. Титрлеудiң аяқталу мерзiмiн бiлу үшiн титрленетiн сынаманың қасына 5 г балмұздақ пен 80 мл суы бар колба қояды. Қатар жасалған анықтаулар арасындағы айырмашылықтар 1 Т аспау керек.
2.2 Ылғалдылығын анықтау. Кептiргiш шкафта кептiру
Мұнда құрғақ қалдықтың мөлшерiн анықтау мен есептеудi сүттегiдей жүргiзедi, бiрақ өнiмнiң мөлшерiн 5-10 г алады.
Кептiрудiң жеделдетiлген әдiстерi
180 С температурада кептiру. Бұл әдiстi балмұздақты кептiру үшiн қолданады. қақпағы бар өлшенген алюминийден жасалған шыны аяққа тамызғышпен 1 мл (0,9-1,1 г) балмұздақ салып, аналитикалық таразыда өлшенедi. Сонан соң 1 мл дистилленген суды қосып, шыны аяқтың iшiндегiсiн шайқап, араластырады. Өнiмi бар шыны аяқты 180 С температураға дейiн қыздырылған, темiрден жасалған бетi бар қыздырғыш аспаптың үстiне орналастырады.
Сұйықтықты қайнатқанда ол буға айналады, сондықтан құрғақ зат ұсақ тесiктi масса түрiнде қалады. Егер ылғал қайнатусыз ақырын буға айналса, онда шыны аяқтағы қалдық кептiруге шыдамайтын, тығыз қабықша түзетедi. Ылғал толық бөлiнгеннен кейiн қалдықтың түсi сары болады.
Шыны аяқты температурасы 110 С кептiргiш шкафқа 10 минутқа қояды. Бұдан кейiн шыны аяқты қақпақпен жауып, эксикаторда суытып, өлшейдi. Формула бойынша құрғақ қалдықтың мөлшерiн есептейдi. Қатар жүргiзiлген анықтаулар арасындағы айырмашылық 0,5 % аспау керек.
2.3 Майдың салмақтық үлесін анықтау
Сүтті балмұздақтағы майдың мөлшерін анықтау үшін сүтке арналған майөлшегішке 0,01 г дәлдікпен 5 г балмұздақ өлшеп алады да, сұйық деңгейі майөлшегіш мойнынан 4-6 мм төмен болу үшін, 16 мл күкірт қышқылын (тығыздығы 1500-1550 кг/м3) қосады. Содан кейін 1 мл изоамилді спирт құяды. Майөлшегішті қақпағымен жауып, сілкиді, одан кейін ондағы сұйық толығымен араласу үшін оны 2-3 рет аударады.
Сұйықтығы бар майөлшегішті ақуыздардың толық еруі үшін, қақпағымен жоғары қарай 70 ºС температуралы сулы моншаға 15 мин қояды, оны қайта-қайта сілкіп отыру керек. 15 минуттан кейін майөлшегішті центрифугаға салады. 1200 айн/ мин айналым жиілік кезінде 5 мин сайын төртретті центрифугалау қолданылады. Әрбір центрифугалаудан кейін майөлшегішті 65-70 ºС температуралы сулы моншада 5 мин ұстайды. Центрифугалау және сулы моншада ұстау біткеннен кейін майөлшегіш көрсеткіштерін есептейді. Пайыздық май мөлшерін анықтау үшін, майөлшегіш көрсеткішін 2,2 көбейтеді. Майөлшегіштің қатар көрсеткіштерінің арасындағы айырым, майөлшегіштің бір бөлігінен көп болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет