Фармацевтикалық инспекторатты қалыптастыру, тиісті фармацевтикалық практика жөніндегі фармацевтикалық инспекторлардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы


Фармацевтикалық инспектораттың қызметін ұйымдастыру



бет4/11
Дата18.04.2024
өлшемі35.57 Kb.
#499209
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
@028;0 D @ 8@ D0@ 8=A 5 07 (1)

3. Фармацевтикалық инспектораттың қызметін ұйымдастыру

12. Фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесі: 1) тәуекелдерді талдау нәтижелеріне сәйкес және дәрілік заттар айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың ұзақтығы мен кезеңділігін көрсете отырып, фармацевтикалық инспекцияларды жүргізуді жоспарлау;


2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ фармацевтикалық инспектордың сапа жүйесінің құжаттарына сәйкес фармацевтикалық инспекциялар жүргізу;
3) бақылаулардың дәлдігі мен объективтілігін, фармацевтикалық инспекциялар нәтижелерін, сондай-ақ инспекциялау туралы есептерде көрсетілген ұсынымдар мен жоспарланатын кейінгі іс-әрекеттерді қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына және фармацевтикалық инспектордың жазбаша құжат нысанында қабылданған рәсімдеріне сәйкес фармацевтикалық инспекциялардың орындалу кепілдіктері.
13. Фармацевтикалық инспекторат фармацевтикалық инспекторат туралы ережені және уәкілетті органға бағыныстылығы және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы көрсетілген ұйымдастыру құрылымының схемасын әзірлейді және бекітеді.
14. Фармацевтикалық инспекторат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасына және оның жетекшілік ететін орынбасарына бағынады.
15. Фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесі:
1) фармацевтикалық инспектораттың сапасы саласындағы саясатты айқындау;
2) фармацевтикалық инспектораттың персоналы арасында міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;
3) фармацевтикалық инспектораттың сапасы саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ресурстарды бөлу.
16. Фармацевтикалық инспектораттың басшысы фармацевтикалық инспектордың сапа жүйесінің жұмыс істеуі туралы есепті талдауды жүзеге асырады.
17. Фармацевтикалық инспекторат бөлімшелерінің басшылары:
1) фармацевтикалық инспекцияларды өткізу жоспарларын жасау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) жазбаша құжат нысанында қабылданған фармацевтикалық инспектордың сапа жүйесінің рәсімдеріне сәйкес фармацевтикалық инспекторлардың қызметін қамтамасыз ету;
3) фармацевтикалық инспекторлардың жазбаша құжат нысанында қабылданған фармацевтикалық инспекторат рәсімдерін нақты орындауы;
4) фармацевтикалық инспекторат бөлімшелерінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау;
5) Өз құзыреті бөлігінде фармацевтикалық инспекторат бөлімшелерінде сапа жүйесінің жұмыс істеуі туралы жыл сайынғы есепті жасау.
18. Фармацевтикалық инспектораттың персоналы өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға, фармацевтикалық инспектораттың сапасы жөніндегі басшылықтың талаптарын сақтауға және фармацевтикалық инспектораттың жазбаша құжаты нысанында қабылданған рәсімдерінің сақталуына жауапты болады.
19. Фармацевтикалық инспектораттың басшысы фармацевтикалық инспектордың сапа жүйесін қолдауға жауапты адамды тағайындайды.
Фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесін қолдауға жауапты адам фармацевтикалық инспектораттың жоғары басшылығының өкілі болып табылады, фармацевтикалық инспекторат басшысының тікелей бағынысында болады және фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша фармацевтикалық инспектораттың басшысына тікелей рұқсаты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет