«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Бастауыш білім беру педагогикасындағы ғылыми зерттеу әдістерін көрсетіңіз



бет14/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Бастауыш білім беру педагогикасындағы ғылыми зерттеу әдістерін көрсетіңіз

Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты,педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады.
Педагогикалық бақылау – зерттеудің қарапайым, тиімді әрі бәрінің қолынан келетін әдіс болып табылады. Мұндай әдісті іске асырғанда зерттеу обьектісіне бақылаудың нәтижелері нақты мәліметтермен толығады. Бақылау әдісі системалық, организациялық және массалық қолданылуы эффективті болуы мүмкін және де басқа әдістермен педагогикалық зерттеу жүргізгенде араластыру қажет болады.
Педагогикалық сұхбат педагогикалық зерттеулердің қосымша бір әдісі болып есептеледі. Арнайы бағытталған сұхбат екі жақтың араласуымен болатын педагогикалық әсер ету фактысы болып табылады. Дұрыс нақты ойластырылған сұрақтың мазмұны оқушының белсенді қызығушылығының пайда болуына, көңіл күйіне байланысты ашылуына, мүғалімнің әдеби шығармашылығына қатынасын білдіреді. Толық және нақты ақпаратты алу үшін педагогикалық сұхбат ережелерге бағынып және арнайы маманның қатысуымен болады. Сұхбат алудың басқалардан айырмашылығы жоқ, ол зерттеу обьектісінің жеке ерекшеліктеріне түзету жүргізеді, түзету жүргізу үшін ұсынылған сұрақтардың ситуацияға және әңгімелесушінің қызығушылығына байланысты сұхбат процесін түрлендіретін, берілген тақырыпты талқылайтын алдын – ала ойластырылған жоспары болуы қажет. Сұхбаттасушының ойы мен фактілерінде шынайы сенімділіктің жоқтығына байланысты педагогикалық сұхбат мәліметтерді алудың көзі емес, ақпаратты жеткізгенде әр уақытта жетістікке жете бермейді.
Тәжірибені оқыту – педагогикалық зерттеудегі, дәстүрлі кең қолданылатын тәсіл. Ол тарихи және қазіргі мектептегі педагогтардың өз қызметтерінде белгілі бір оң нәтижелерге жеткен кездегі практикалық тәжірибеге анализ жасау мен оқытуға негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда педагогикалық теория мен практикаға арналған тұрақты, нақты ережелермен сипатталатын оның әдіс-тәсілдеріне басты назар аударылады. Тәжірибелік оқыту мен тәрбие – педагогиканың негізгі мақсатының ілгері алға дамуына әкеледі. Бірақ дәл осындай педагогикалық әдістер ғылымнан тыс қалып қойса, оларға анализ жасалмайды және ол теориялық негізсіз, олар ғылымда практикада кең қолданысқа ие болмайды. Бұдан байқайтынымыз, тәжірибені оқыту – жалпы педагогикалық ғылымның дамуына зор үлес қосатын, педагогикалық зерттеулердегі өте маңызды, нәтижелі әдіс.
Мектептік құжаттама мен қызметтердің нәтижелілігін оқыту болашақта білім алушыларға көптеген маңызды байланыс орнатуға және алдыңғы уақытта оқыту жоспары мен ақпараттарды құрастыруға әсерін тигізеді. Берілген әдістегі негізгі мәлімет көздеріне сынып журналы, дәріс мазмұндары, сабақ кестесі, педагогтардың сабаққа арналған жоспарлары жатады. Аталған материалдарды оқи отырып оқу процесінің ұйымдастырылуының оқушылардың үлгеріміне және денсаулығына әсерін, үлгерім бағасының ролін, оқу материалдарының мазмұнын оқушылардың шығармашылық белсенділігімен салыстыруға болатындығымен анықтауға болады.
Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішіндекөп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі. Рейтинг – бұл педагогикалық тәжірибедегі көріністің көріністің және осы немесе өзгеде процестердің сынақталған бағасы. Рейтингке жақын компоненттік баға түсінігі компонентті жақтармен, яғни педагогтар мен оқу материалдарын қабылдау, шығармашылық таныту баға тәртібін ұсынады.
Педагогикалық тест – қазіргі кезде оқу орындарында кең тараған. Бұл тестті екі бағытқа бөлуге болады: жылдамдығын анықтау және күштілігін анықтау. Бірінші жағдайда, тестілеу уақыты шектеулі және бұл тест жұмысында оқушылардың ситуациялардан шығуы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі, бір уақытта ойлаудың бірнеше тәсілдерін қолдана білу мүмкіндігі қолданылады. Ал күштілігін анықтауда өте көп уақыт беріледі, тереңдігі анықталады, ал жылдамдықтың әсері жоқ.
Математикалық статистиканың әдістері – сандық анализдегі мәліметтерді жинауға қолданылады. Осы әдістің көмегімен әртүрлі көрсеткіштердің пайыздық үйлесімділігін анықтауға болады. Педагогикалық қызметтің анықталған жақтарын дамытуға осы негізде шара қолданылады. Сандық және математикалық әдіс педагогикада болжау, модельдеу және педагогикалық процестердің компьютерлеу аппараты болып табылады.

  1. Бастауыш білім беру педагогикасындағы озық технологиялар, олардың түрлерін талқылаңыз

«Технология» ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының:
· оқытудың технологиясы;
· педагогикалық технология;
· білім беру технологиясы;
· тәрбие технологиясы;
· қарым-қатынас технологиясы;
· даму технологиясы;
· қалыптасу технологиясы;
· модульдік технология;
· топтық оқыту технологиясы, т.т. сияқты психологиялық-
педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. 
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

  1. оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

  2. оқушының ынталандыруға;

  3. оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

  4. оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

  5. баға әділдігіне;

  6. білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді;

  1. Бастауыш білім берудегі ғылыми жобалардың құрылымы мен жоспары туралы, мәлімет жинақтаңыз

3. Оқу жобаларының қҧрылымы мен тҥрлері Жасӛспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үдерістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің ӛзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін ӛзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан ӛзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды ӛзгерту немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін кӛздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан. Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі, мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын. Жалпы жобалау теориясында берілетін кӛрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының ӛз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы: 1. Жағдайды талдау, түпкі идея мақсатты анықтау: - жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа ӛнім алуға қажеттіліктің пайда болуы) - мәселені нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру) - мәселені шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау; 213 2. Жобаны орындау(жүзеге асыру): - жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау; - міндеттерді орындау жолдарын талдау; мәселені шешу жолын таңдау, - зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;) - жобаны орындау; 3. Қорытынды ӛнімді даярлау: - қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация, жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б) - алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту; - қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау, - презентациялау; - қорытынды түйіндеу, зерттеу жобаларының жаңа мәселелерін ұсыну. Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар, оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруда ескеру қажет. Оқушылар жобасының сипаттамалары: - оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны; - күтілетін нәтижелердің алдын ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады; - орындалу мезгілі нақтылануы; - нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеттердің алдын ала жоспарлануы; - бағдарламаның жасалуы – жобаның жалпы ӛнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы, жоспарлануы; - жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы; - жобалаудың қорытынды ӛнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;

  1. Бастауыш білім беру саласы бойынша ғылыми жобаларын тұжырымдаңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет