Педагогика ғылымындағы жаңа тұжырымдамалық идеяларын көрсетіңіз
Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконников, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминанттылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаулары берілген.
В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, В. А. Караковский, М.Н. Скаткин, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан.
В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Будановалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге, білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан-жақты әрі терең қарастырылған.
Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психологиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, формаларының заңдылықтарына іс-әрекет психологиясы мен тұлға ерекшеліктері, идентификациялаудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру т.б) жатады. Бұл орайда Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға болады.
Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс-әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, К. А. Шварцман т.б еңбектерін атауға болады.
Болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлаудаға педагогикалық принциптерін сипаттап көрсетіңіз
Әрбір іс-әрекет барлығында бірдей нәтижелі болмайды. Нәтижелі болуы оның сол іс-әрекеттің тиімді жолын, әдісін табу керек. Оқыту процесінің нәтижесі деп, баланың психологиялық функцияларының (ойлау қабілеті, даралығы, пайымдауы,өзіндік әрекеті), әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы сияқты көрсеткіштерін айтамыз. Психологиялық зерттеулерге сүйенсек әрбір адамның кәсіби шеберлігі өз мамандығына бейімделу кезеңінен, мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңінен, мамандықты еркін меңгерген кезеңнен, мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезеңнен тұрады. Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер мұғалімнің, жаңашыл мұғалімнің, зерттеуші мұғалімнің кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, инновацияны қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде жуырда ғана қолданысқа енгізілді.
Білім беру саласындағы инновацияларға мынадай анықтама береді: «Инновация — нақты бір тұлға үшін мүлдем жаңа болып табылатын идея. Бұл идеяның объективті жаңа немесе жаңа емес екендігі маңызды емес, оның маңыздылығы идеяның туындағаннан немесе алғашқы қолданысқа енгеннен бері өткен уақыт бойынша анықталады». Ш.Т.Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына білім беру мақсаты мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатынасына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады» — деп көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын биыл 20 жыл берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын болашақ ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе.
Кәсіби құзіретті мұғалім мектептің тәрбие – білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды. Білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, педагогтің құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады. Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзіреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. Себебі, оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса топқа, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және пайдалану іскерліктері жатады.
Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі — оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.
Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттырубасты мәселе. Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы — білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды.
Педагог- өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады. Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруіне қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру. Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің, мимиканың әдістерін білу. Кәсіби шеберліктің нәтижесі тұлғаның әлеуметтенуі.
Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Индивидтің іс-әрекетке белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына сай, өзгертіп отыруы арқылы іске асады. Соның арқасында адамда өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез-құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі.Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы соның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Кейбір адамдар бүкіл өмірі бойы бір қалыпта қала береді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда мұғалімнің атқаратын қызметі зор. Жоғарыдағы айтылған қасиеттер қазіргі ғылыми ізденістерден негізделген қоғамның мұғалімнен сұранысы. Барлық қасиеттердің топтамасын сараптай отырып, «ең бастысы не?»- деген сұрақ төңірегінде сөз қозғасақ…
Мұғалімге өкіметіміз тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау айтарлықтай. Жыл сайын өткізіліп жатқан байқаулар, ерен еңбегі үшін ақшалай сыйлықтар, еңбектерінің сапасын бағалаудағы аттестациялау ережелері соның айғағы. Мұғалімнің іс-тәжірибесін зерттеу, тарату, жаң-жақты бағалау мұғалім жұмысына деген құрмет пен ізет белгісі. Бұл бағыттағы жұмыстар әдістемелік көмек, кеңес және кәсіби біліктілікті арттыру қызметтерінде қызу жүруде. Жоғары деңгейдегі шеберханалар болса, өз пәнін жақсы меңгеруіне жағдай болады. Қазіргі жаңа мектептер бағдарламасындағы шеберханалар қарастырылған. Біраз мектептердегі жағдай бірдей емес.
Мұғалім мен оқушының ғылыми жұмыстармен айналысуы қоғам, заман талабына сай өсуіне жағдай туғызады. Мұғалімге заманауи технологияларды меңгеруге де курстардың ұйымдастырылуы мүмкіндік береді. Заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеуде жеке жетекшілік, арнайы жұмыс түрі қажет. Ол ата-ана мен мұғалім қолында екені сөзсіз. Қазіргі бағдарлы –бейінді оқыту саясаты оқушы бойында оның бағдарын анықтау, жалпы білімді де оқушы қажетіне қарай саралау. Егер тұлғаны тәрбиелеудегі, тұлғаның кәсіби бағдарын анықтаудағы, кәсіби білім берудегі маңызды рольді мұғалімге жүктесек, қажетті қасиеттердің бірі – «мұғалім-продюсер». Тұлғаның негізгі қасиеті оның өзгелерден ерекшелігі. Сол ерекшелігінің арқысында ол ешкімге ұқсамайды. Ол дара. Даралық қасиетін танып, оның қалыптасу бағдарламасын тек қана мұғалім – кәсіби маман жасайды. Осы тұста мұғалімнен практикалық психолог қызметін меңгеру міндеті тұрады. Айтылған ой қазіргі мектептерде психологтардың қызметін еске түсіреді. Мүмкін. Жахандану жағдайындағы мұғалім бейнесі қайта қарауды қажет етеді. Мұғалімді даярлаудағы мұғалімге «нені» оқытамыз, мұғалімді «неге» оқытамыз деген сұрақтардың ішінде мұғалімді «қалай» оқытамыз деген сұрақ өз жауабын іздеуде.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық, құқықтық құзыреттіліктерін қалыптастырудың ерекше маңызы зор.
Әдістемелік дайындықтағы білім беру әрекеті белгісіздік, білім беру әрекеттері мен әрекет үлгілерімен жұмыс жасай, жобала әрекетінің барысында студенттердің инициативасы бойынша туындайды. Болашақ педагогтар меңгеруге болмайтын, керісінше құрастырып, онымен өмір сүруі керек кәсіби әрекетке ену қажеттілігімен бетпе-бет келеді. Мұндай құрылыс студенттердің зерттеу әрекетіне талпынысын туындатады. Әдістемені оқыту әрекеттің мазмұнын құрайтын құрал болып табылады. Білім беру әрекетінде болашақ педагогтар педагогикалық әрекеттің ішкі мәнін түсіну процесі жүзеге асырылады.
Болашақ педагогты дайындау жаңашыл білім беру технологияларын талап етеді. Бұл технологиялар білім берудегі басымдықтардың өзгеруіне негізделген: парадигманың өзгеруі (білімдіктің тұлғалық-бейімділікке, біліктілікке қарай), білімнің экстенсивтіліктен (білім көлемінің толығуы, жоғарылауы) интенсивтілікке («ақпаратпен жұмыс жасау техникасын игеру, өзін өзі қалыптастыру дағдыларын дамыту, мақсатты құрастыру және өз әрекетін уәждеу») бағытталуы.
Білім берудегі біліктілік тәсілі жаңа білім беру парадигмасын – тұлғалық-бейімділік парадигманың ендірілуін білдіреді. Мұнда «білім беру процесіне тұлғалық мағынаны ендіруге талпыныс» жүзеге асырылады. Тұлғалық білім, тұлғалық түсіністік секілді оқылған және игерілген бірқатар «құндылықтар» есебінде қолдануды ғана емес, өзінің өмірін түсінуге қатысуда білім мен мазмұнды да білдіреді.
Кәсіби білімге деген біліктілік тәсілі «оқу жұмыстарын ұйымдастырудан және оқу жоспарларын орындаудан білім беру әрекетін ұйымдстыруға» ауысуын жүзеге асыруды білдіреді. Біліктілік тәсілін жүзеге асыру білім беру әрекетінің оқыту технологиялары, бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру, білім беру мен оқыту саласындағы ерекше пән ретінде айқындауды білдіреді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |