«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Бастауыш білім берудің мазмұнын талдап қорытыңыз



бет21/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
өзекті мәселелер соңғы

Бастауыш білім берудің мазмұнын талдап қорытыңыз

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
Осы мақсатқа сай қазіргі заман оқушыларынан кең ауқымды дағдылыр талап етіліп отыр:

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін білу қажет:
— біріншіден, пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі маңызды. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерек­шеліктері:

  • оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;

  • әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;

  • жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады, спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді, оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қол­дануға жетелеу спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары­на жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет