«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз



бет18/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Бақылау түрлері


Білім беру жүйесіндегі барлық зерттеулерді екі топқа бөлу бар: статистикалық және «жұмсақ».
Бірінші нұсқа статистикалық есеп деректеріне негізделген: ақпарат жинаудың дәйекті жүйесі, мемлекеттік есеп беру.
Статикалық емес («жұмсақ») мониторинг зерттеушілердің өздері әзірлеген көрсеткіштерге негізделген. А. С. Белкин оқу-тәрбие процесінің әртүрлі аспектілерін бақылауды көздейтін дидактикалық талдауды да атап көрсетеді. Бұл білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынас жүйесін құруға, жеке, топтық, ұжымдық қарым-қатынастар жүйесін қадағалауға, ұжымның жеке топтарындағы психологиялық ахуалды бақылауға мүмкіндік береді.


Мектеп мониторингінің типологиясы
Оқу мақсаттарының масштабына қарай жедел, тактикалық, стратегиялық мониторинг ажыратылады.
Оқу процесінің кезеңдері бойынша кіріс, тақырыптық, аралық және қорытынды бақылаулар қабылданады. Уақыт шеңберіне байланысты ретроспективті, кеңейтілген (профилактикалық), ағымдағы бақылау жүргізіледі. Зерттеулер санына байланысты біз бір реттік, мерзімді, жүйелі талдау туралы айтып отырмыз. Отандық білім беруде ұйымдастыру формасын ескере отырып, сырттай зерттеу, сонымен қатар интроспекция және өзін-өзі бақылау жүргізіледі.
Мониторинг үшін қойылған мақсаттарға байланысты әртүрлі құралдар жиынтығын жүргізу үшін пайдаланылады.зерттеу. Сонымен, 9-сынып түлектерінің білім сапасын бағалау үшін балаларға таңдаулы жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Талдау үшін таңдалған базаға байланысты, мысалы, динамикалық бақылау бар. Оның мәні белгілі бір көрсеткіштің, құбылыстың, объектінің даму динамикасын бағалау болып табылады. Бұл балаңыздың жеке білім беру жолындағы үлгерімін бақылаудың ең оңай жолы.
Бәсекелестік мониторинг басқа білім беру орталарының ұқсас зерттеу нәтижелерін сараптау үшін таңдауды қамтиды. Мұндай жағдайларда мониторинг көптеген сериялық сынақтар үшін платформаға айналады. Ол бірден бірнеше ОЖ-де қатар жүргізіледі, содан кейін барлық қатысушылардың назарына ұсынылатын рейтингтік кестелер құрастырылады. Осындай мониторингтің арқасында оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін қолданатын оқу орындары таңдалып қана қоймай, білім берудің әр деңгейіндегі мектеп оқушыларының білім сапасы да сараланады.
Салыстырмалы мониторинг жоғары деңгейдегі бір немесе бірнеше жүйелердің ұқсас зерттеулерінің нәтижелерін сараптау үшін таңдауды қамтиды. Бөлек білім беру ұйымын мектепті аттестациялау кезінде өзекті болатын Федералдық мемлекеттік білім стандартымен салыстыру қажет.


  1. Білім берудегі мониторинг ұйымдастыру мәселелерін тұжырымдаңыз

Қазіргі даму жағдайында білім саласында білім беру қызметін ұйымдастырудың ең өзекті жағы – білім сапасын жоғарғы деңгейге көтеру. Оқытудың тиімді әдістерін анықтау, оқу әдістемелік қызметті жетілдіру арқылы оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, түйінді мәселелерді сараптау – оқытушыларға қойылып отырған міндеттердің бірі- мониторинг.

Сондықтан бүгінгі білім ордасында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелеріне арналып отырған ғылыми практикалық конференцияның секция жұмысында қарастырып отырған мәселелердің бірі – оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалау жүйесін жетілдіру болып отыр.


Оқыту нәтижелілігін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту процесінің нәтижесін бағалау, контингенттегі білімгерлердің ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және оқытушылардың тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі.


Педагогикалық мониторинг дегеніміз не?


Ол қалай жүргізіледі? – деген сұрақтарға жауап іздесек, білімгердің оқу процесін және оқу материалын игеруін бақылау формасының бір түрі – мониторинг екенін айтуға болады.
Мониторинг дегеніміз – «оқытушы – білімгер» жүйесінде білімгерлердің дамуы, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижелерін жүйелі, үздіксіз бақылау.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы – білімгердің білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, таратудың ұйымдастыру түрі.


Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, білімгердің жеке тұлғасын, педагогикалық процестің компоненттерінің жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды. Педагогикалық мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуы, оқытушының іс-әрекеті зерттелінеді.


Сондай-ақ педагогикалық мониторинг оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесін анықтау мүмкіндігін береді. Алайда білім беру процесінде оқытушы мен білімгердің қанағаттану дәрежесі мен білімгерлердің эмоциялық жағдайы, колледжішілік қарым – қатынас сипатын анықтауда педагогикалық мониторингтің маңызды екендігіне қарамастан бұл мәселелерді айқындауда мониторинг аз жүргізіледі. Білім мекемелерінің метериалдық-техникалық базасы дидактикалық құралдар қоры, оның білімгер мен педагогтардың денсаулық жағдайына әсері, оқытушылардың педагогикалық мәдениеті, шеберлігі, әкімшілік-басқару әрекеті педагогикалық мониторинг арқылы дәл анықталады десек те, бұл салада қазақ тілінде жарық көрген еңбек жоқтың қасы.


Білім беру процесін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық , қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады. Енді осы қызметтердің әрқайсысына тоқталайық.


Педагогикалық процестің нәтижесін айқындай отырып, обьектінің жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, нағыз білім беру процесін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталатын ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.


Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі оқытушылардың білімгерлерді оқытуға, тәрбиелеуге қызығушылығын дамытады, балаларды жан-жақты тануға түрткі болады, әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және оқытушы әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.


Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде білімгердің «дамуының жақын аймағына» ықпал ете отырып, білімгер тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды. Әрбір жеке білімгерге қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдауға, білімгердің педагог назарынан шығып қалмауына ықпал етеді.


Оқу процесінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, білімгерлердің жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.


Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген. Мониторинг бес кезеңмен жүргізіледі. (кесте)


Білім беру мекемелері жұмысына педагогикалық мониторинг жүргізудің алғашқы кезеңі мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан басталады. Мақсат өзекті, нақты, іске асатындай болуы керек екендігі ескеріледі. Бұл кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критеррийлер анықталып, диагностикалау әдістері таңдалады. Диагностикалау әдістерін формальді әдістері (тесттілер, анкеталар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант деп бөлуге болады.

Мониторинг процесінің барлық қызметі мен кезеңдері, яғни оның барлық құрылымдық және қызмет элементтері бір-бірімен байланысты және педагогикалық мониторингтің тұтас циклін құрайды. Осы компоненттердің кез-келген педагогтардың әрекет жүйесінде болуы педагогикалық мониторингтің толық жүйесін жүзеге асырылуы «оқытушы - білімгер» жүйесіндегі педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Қорытынды: Диагностика – қол жеткен жетістіктерді бекітеді, жақсы дәстүрлерді сақтайды. Кемшіліктердің алдын алу мен қажетті өзгерістер жасап отырады.


Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қай дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.


Бақылау, қадағалау кезінде шәкірттің өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.





  1. Бастауыш білім берудегі мониторинг жүргізу әдістемесін талдап қорытыңыз

Бастауыш білім берудегі мониторинг жүргізу әдістемесін талдап қорытыңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.


ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.


ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.


4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:


Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).
Максималды балл – 30.



  1. Педагогикалық зерттеу әдістері туралы жалпы түсінік беріңіз

Жауабы 32-сұрақта

  1. Педагогикалық зерттеу әдістерін тиімді қолдану мәселелерін көрсетіңіз

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) теориялық зерттеу əдістері; 2) эмперикалық əдістер; 3) математикалық əдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет