202
ғылымының
негізін қалаушы, педагог жазушы Әдібай Табылды: Қандай тәрбие болса да, ол ұлттық тәрбие деп
аталынады, өйткені ол белгілі бір ұлттың тәрбиелік тәжірибесінде қалыптасып, сол үлттың өз тілінде жүргізіледі».
Ғалым өзінің «Ұлттық тәрбие» еңбегінде: «Ұлттық әдеп, ұлттық рух,
ұлттық болмыс, ұлттық қағида арқылы пайда
болған ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті ұлттық мінезі» делінген.
Демек, Мәңгілік ел идеясы – жастардан осы ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, оларды заманның
өзгерістеріне сәйкестендіре қолдана білуді, қоғам талаптарына сай, білім-ғылымның барлық мүмкіндіктерін ел игілігіне,
халық мүддесіне жұмсауды талап етеді.
Елбасының үздіксіз білім алу және өмір бойы оқу тапсырмасы, әсіресе жастарға қарата айтылды. Өйткені,
ғылым прогрестіңтқарқанынан қалыспау, адамзат баласының бүгінгі таңда қол жеткізген
барша жетістіктері мен
жаңалықтарын қазақ елінің өсіп-өркендеуіне жұмсау – болашақтың табанды іргетасы болмақ. Бұл ретте, жастардың
үлесі мол болуы тиіс. Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі мәдениеттер мен өркениеттердің арасын жалғап, әлем
халықтарының ынтымақтастығын нығайтатын білімді, саналы жастар.
Сонау Тоныкөк, Білте қаған кезінде мәңгілік ел болудың тұжырымдамасы жасалып, бүгінгі
Қазақстан
тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тарихында жалғасын табуы – Елбасының үздіксіз, табанды еңбегінің нәтижесі.
Осы 25 жыл ішінде, әсіресе жастардың бастамасына баса көңіл аударылып, олардың шетелдерде білім
алуларына, тәжірибелік тағылымдамалардан өтулеріне зор мүмкіндік жасалды және ол әлі де жалғасуда.
Сондықтан, ел ертеңі – жастарда, деген қанатты сөз, «Мәңгілік ел» ұлттық идея жүзеге асыру арқылы жастарға
артылған жауапкершілік.
Жастар – ел болашағының айқын көрінісі. Сондықтан да жастардың дамуы мен елді алға жылжыту бағытына
кедергі жасайтын мәселелер мен тамыры тереңге жайылған індеттерден арылу басты міндетіміз. Келешек ұрпақты рухы
биік,білімді, елі мен жері үшін жан қияр патриот етіп тәрбиелеп еліміздің биік шыңға шығып,қалықтағанын
көруге
деген кәміл сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: