Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.
Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Калягин Б. И. «Жалпы экономикалық теория»
// Ақтөбе, 2004. «А – Полиграфия»;
2.
Әкімбеков С., Баймұхаметова А. С., Жанайдаров У. А. «Экономикалық теория» // Астана, 2002;
3.
Мамыров Н. К., Саханова А. Н., Ахметова Ш. С., Брузати Л. «Государство и бизнес», книга первая.;
4.
Глущенко Е. В., Капцов А. И., Тихонравов Ю. В. «Основы предпринимательства» // Москва, 1996. «Вестник».
ӘОЖ 347.464.8
РЕНТА ШАРТЫ, ӨМІР БОЙЫ АСЫРУДА ҰСТАУ ҰҒЫМДАРЫ
Мырзабек Ж.Е. - ЮМ-20-1к9 тобы студентті
Салыбек Н.М. - құқық магистрі
Рента шарты құқық саласындағы азаматтық-құқықтық реттеудің алатын орны ерекше. Осы шарт құқықтық
сипаты бар нормативтік заңдармен, актілермен және нормалармен бекітілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тармағы рента және өмір бойы асырауда ұстау
шарттарына арналған.
Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента
және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең
таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол
түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен,
мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай
жағдайлармен кездескен болатын.
Бұның бәрі 1963 ж. Қазақ ССР Азаматтық кодекста «Өмір бойы асырауда ұстау талабы негізінде үйді иеліктен
шығару шарты» деген тараудың пайда болуына әкеп соқтырды. Көрсетілген тарауда «рента» термині қолданылған емес,
бірақ, белгіленген шарт ранта шартының бір түрі болды.ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында болған зейнетақы
мөлшерінің тез арада өсуіне байланысты осы қатынастардың дамуының қажеттілігі болмады, және рента шарты
тәжірибеде сирек қолданылды.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында рента қатынастары тағы да белсенділік танытты, осы шарттарды
теріс пайдалану жағдайларының болуына байланысты, олардың қатаң құқық реттеушіліктің қажеттілігі туды.
Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 28 тарауымен регламенттелген рента – бұл мүлікті иеліктен шығарумен
байланысты, кепілді табысты қамтамасыз ететін азаматтық құқықтың дербес институты.
Рентаға тән белгі бұл оның мүлікті рента төлеу үшін берген мүлік иесінің кәсіпкерлік қызметінің байланысы жоқ
екендігінде. Рента міндеттемесі тек қана шарт негізінде пайда болады. Рента шарты шынайылық, ақысы төленетін
болады, сондай – ақ мезгілсіз (тұрақты рента) немесе рента алушының өмір ұзақтығы уақытына (ғұмырлық рента иесі
өмір бойы асырауда ұстау) жасалуы мүмкін.
Рента реалдық (шынайылық) шарт, өйткені рента алушы рента төлеушінің меншігіне қандай да бір мүліктің
берілу сәтінен басталады, ал шарт талаптарына сай жақтар келіскен сәттен пайда болмайды. Егер де заңнамалық
актілерге сәйкес шарт жасасу үшін мүлікті беру қажет болған жағдайда, қандай да бір мүлік берілген сәттен бастап шарт
жасалды деп есептелінеді (АК 393-бабының 2 тармағы). Егер де мүлікті иеліктен шығару туралы шарт нотариалдық
куәландыруға немесе мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда сатып алуда меншік құқығы нотариалдық куәландыру
немесе мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап пайда болады, ал шарттың нотариалдық куәландыруы да, мемлекеттік тіркеуі
де керек болған жағдайда – оны (шартты) тіркеу сәтінен бастап.
ҚР АК 536- бабында өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын
мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға
мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.
Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер осы параграфтың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента
туралы ережелер қолданылады делінген.
Шарт элементтері.Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана
саналады. Өмір бойы ұстаушы да (рента төлеуші) азаматты азық-түлікпен, тұрғын үймен, киім-кешекпен, егер керек
болған жағдайда, денсаулығына қарап және тағы басқалармен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тізіліп айтылғанның
барлығы адам өмірінің жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, діни, әдептілік, адамгершілік
көзқарастары (әдеттері) ескерілуі қажет. Оның ар-намысы, қадір-қасиеті құрметтелуі қажет, және тағы басқа жеке
құқықтары сақталуы тиіс. Біздің бірге тұрып жатқан рента төлеушісі мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзіндік
(жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебі осында.
Сондықтан өмір бойы ұстау шарты қазіргі жағдайда толығымен азаматтық құқық шартты болып келмейді,
сондай-ақ кейбір отбасылық құқықтық реттеулерді талап етеді. Егер рента алушысы, яғни өмір бойы асырауда ұстауда
болушы мен рента төлеуші арасындағы қатынастар тиісті дамыса, онда рента алушы рента төлеушінің тұлгасы үлкен
211
манызға ие болады. Рснта төлеушіні басқа тұлғаға рента алушының рұқсатынсыз ауыстыруға жол берілмейтіні ақылға
сыйысатындай талал екенін түсінеміз. (ҚР АК 538-бабы 1-тармағы).
Шарт нысанасы (заты). Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау
төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлік -түрғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады. Нысананың екінші
элементі асырауға қатысты біздің өз пікіріміз орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам (рента алушы) тұрғылықты
жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы
қажет. Бұл шартта тұру үшін берілетін тұрғын үйдің мөлшеріне, оның санитарлық жағдайына, қауіпсіздігіне,
жылытуына қатысты талаптарды бекітуді қажет етеді. Осы себептен өмір бойы асырауда ұстау шарты біршама тұрғын
үй құқығы нормаларымен де реттелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |