Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет183/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
«ФБР 2017 Интернет-қылмыс туралы есеп» (PDF). FBI.gov. Федералды тергеу бюросы. 2018 жылғы 7 мамыр. 
Алынған 28 тамыз 2018. 
2. 
«Киберқылмыстың экономикалық әсері - баяулаудың қажеті жоқ» (PDF). Макафи. 2018. Алынған 24 қазан, 2018. 


209 
УДК-765.:33 
ШАҒЫН БИЗНЕС: МӘН– МАЗМҰНЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Мырзабай А. - ЮМ-21-1к4 
Исмаилов А.А. - з.ғ.к. 
 
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған 
кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. 
Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – 
алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай 
деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам» [1].
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес 
пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – 
табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол — 
өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. 
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның 
бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа 
жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, 
мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы 
қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл 
табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті 
жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. 
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым 
ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині 
қолданылады. 
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған 
көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. 
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын
өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. 
Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, 
оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы 
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді. 
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін 
көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін 
тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын 
және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі 
оның икемділігін артыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне 
байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жоғалтайды. Қазақстан 
үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. 
Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік, 
ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда[2].
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді: 
-
қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік 
нарықтық қатынастардың қалыптасуы; 
-
ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. 
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім 
сапасының артуына мүмкіндік туғызады; 
-
тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы; 
-
экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді; 
-
өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен 
қызығушылықпен салады; 
-
қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы; 
-
адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің 
дамуына ықпал етеді; 
-
еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен 
айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту; 
-
меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы; 
-
ғылыми-техникалық дамуды жандандыру; 
-
жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру; 

ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету 
өндірісін құру арқылы әсер ету; 

арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті 
босату; 
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның 
дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және 
орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды. [3].
Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы–ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды 
тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама–кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің 
шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп,өңдірістің түпкі нәтижесі үшін 


210 
екі жақтында бірдей мүдделігін, ынталығын тудырады.Үшіншіден кәсіпорын өмірінде басқкрушы рөлінің ерекше 
маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өзінің де 
өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртіншісі–істі жанұялық 
негізде жүргізу,яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан болған мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден –шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипаты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға 
болады.Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен, бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.
Кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің 
негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. 
Бұл қағиданың мағнасының бірі – билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, 
өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет