Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет248/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Шерьязданова К.Г. Республика Казахстан и глобализация [Электронный ресурс]. – Режим доступа: 
http://credonew.ru/content/view/626/32 
(дата обращения 12.09.2013 г.). 
2. 
Назарбаев Н.А. Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана. – Алматы, 1993. – С. 10. 
ӘОЖ 82-145 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫС, НЕМІС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУ СИПАТЫ 
 
Шымкентбай А., Паизханова А. –ЮМ 21 1к5 тобының студенттері 
Турсынова Г.И. – аға оқытушы 
 
Абай Құнанбайұлының өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының 
қызметімен ерекшеленеді. Қайсыбір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай 
болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдерінің тілі қарапайым, нақты. Алғашқы жанрлық топтағы өлеңдерді басқа 
тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді аудару едәуір жеңіл. 
Алайда, аудармашылық шеберлігі кемел жетілген аудармашылар үшін де Абайдың өлеңдерін тәржімелеу, Абаймен 
ақындық жарыстыра отырып тәржімелеу оңай емес. Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады. 
Абай Құнанбайұлының “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін М. Петровыхтың орыс тіліне және Ричард 
МакКейннің ағылшын тіліне тәржімелеген аудармаларымен салыстырып көрейік:Түпнұсқа: 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім. 
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім. 
Еңбегіңді білерелік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.  
Орысша аудармасы: 
Я презрел познание, юноша пустой.
Видел пользу в нем, но шел стезей другой. 
Возмужал — наука из-под рук ушла.
Поздно к ней ты устремился, разум мой! 
Кто повинен, что остался я ни с чем?
Смолоду учась, я был бы не такой! 
Из людских отрад одну зовут — дитя 
Обучение детей - наш долг прямой. 
Сына отдал в медресе: "Учись, родной!"
Цель не в том, чтобы достался чин большой. 
Сам к высотам я стремился всей душой.
В красноречии мне уступал любой. 
Но ведь некому здесь оценить мой труд...
Под конец я предпочел всему покой. 
Ағылшынша мәтіні: 
When I was young I didn't give much thought to 
knowledge, 
I saw the use, but didn't test it out. 
When I grew up, I didn't know how to latch onto it. 


284 
I stretched out my hand to it very late. 
Who should I blame that I was left with nothing? 
If I'd striven in time would I be like this now? 
Children are one of the joys of life. 
I'm not against teaching children. 
I put my son in the madrasah, so that he could 
acquire knowledge 
and not so that he could gain favour and status.
I myself strove to better myself 
In the field of rhetoric I was second to none among the Kazakhs. 
But no one can value your works
and so I preferred in everything the peace of solitude. 
Аудармашы М. Петровых аудармасында Абайдың өлеңі едәуір өзгерістерге ұшыраған. Дегенмен, аудармашы 
ақын өлеңінің мазмұнын, оның сезім сырын, ақынның көңіл күйін жіті танып, толық және дұрыс жеткізген. 
Түпнұсқаның әр сөзін, әр тармағын терең түсіну, соның нәтижесінде өлеңнің мәнін, рухын ұғыну аудармашыны жалаң 
жадағай аударудан сақтандырып, тиісті шығармашылық табысқа жеткізген. Аудармашының басты жетістігі – өлеңнің 
мазмұнын, ішкі эмоциялық байлығын орыс тілінде белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтсе де, аудармашы бұл 
жерде де өз тарапынан өзгертулер жасаған. Абай осы өлеңінде өзінің ғылым жолын жастай қумағанына, ержеткен соң 
іздегенде ғылым жеткізбей кеткеніне өкініш білдіріп, сол өкінішін сыр қылып толғайды.
Аудармада ақынның осы сыры қосымша желілермен толықтырылған. Түпнұсқада істің, құбылыстың иесі 
ақынның өзі болса, аудармада ғылымға кеш ұмтылған ақын емес, оның ақыл-ойы болып шыққан. Түпнұсқадағы “түспеді 
уысыма”, “қолымды мезгілінен кеш сермедім”, “қолымды дөп сермесем, өстер ме едім” деген сөз тіркестерін өзге 
тілдерге аудару қиын. Тұрақты тіркес дәржесінде пайдаланылған мұндай тілдік құралдардың мазмұнын аудармашы 
орыс тіліне қарапайым, тура мағынадағы тілдік құралдардың тобы арқылы аударған. Өлеңнің мазмұндық желісі де осы 
бағытта тәржімеленген. Бірақ та, ол түпнұсқаның мағыналық құрылымына, тақырыбы мен идеясына, ондағы мінез 
табиғатына мүмкіндігінше терең бойлаған. Соның нәтижесінде аудармашы түпнұсқаны сөзбе-сөз немесе жолма-жол 
аударуға бармай, оның мазмұны мен мағынасын терең жеткізуге жол тапқан. Сонымен қатар, ол түпнұсқаның пішініне 
тән ерекшеліктерді де сақтауға күш салады. Аудармада жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, кейбір аударылмай
өзгерістерге, толықтыруларға түскендігіне қарамастан, аудармашының шеберлігі, түпнұсқаның әлеуметтік эмоциялық 
мазмұнына адалдығы ойдағыдай деңгейде көрініс табады.
Абайдың бұл өлеңі ағылшын тілінде көркемдігін, әуезділігін жоғалтқан. Аудармашы осы өлеңді жай, қарапайым 
тілмен тәржімелеген. Және де түпнұсқадағы кей сөздерді өз мағынасынан бұрмалап, басқаша аударған. Түпнұсқадағы 
“Ержеткен соң түспеді уысыма, /Қолымды мезгілінен кеш сермедім” дегенді ағылшынша “When I grew up, I didn't know 
how to latch onto it. /Istretched out my hand 
to it very late ” , яғни, “Мен өскенімде, оны қалай алуды білмедім. /Мен оған 
қолымды кеш создым” депберген. Бұл жерде аудармашы “сермеу” дегеннің орнына “созып” деп қате жіберген. Осы бір 
ғана сөз өлеңнің сол екі тармағының мазмұнын бұзып, мәнін кетіріп тұр. Түпнұсқадағы “шен” сөзін аудармада “favour 
and status” деп берген, оны қазақшаласақ “ықыластық және мәртебе” болып шығады. Жалпы алғанда ол сөздер түпнұсқа 
мазмұнын ашып тұр. Әйтсе де, қазақша сөздің ағылшынша өз нақты баламасымен, яғни, “rank” деп аударуы керек еді 
деп ойлаймын. Аудармашының тағы бір жіберген қателігі мынада: аудармашы ақынның “Түбінде тыныш жүргенді теріс 
көрмедім” дегенін “and so I preferred in everything the peace of solitude” деп тәржімелеген. Аударманы қазақшаға қайтадан 
тәржімелесек “енді мен бәрінен де жалғыздықты тандадым” болып шығады. Ақын өлеңінде жалғыздық туралы әңгіме 
болып отырған жоқ, тек тыныштық туралы. Ал, аудармада бір өзінің жалғыз қалғанын тілеп отырғандай болып көрінеді. 
Ағылшын тілінде оқитын оқырман бұл өлеңнін осы тармағының мағынасын дұрыс түсінбей, және де осы өлеңді жазған 
ақынды ғылымнан да, айналасындағы адамдардан да айырылып қалған деп ойлауы әбден мүмкін. Дегенмен, аудармашы 
Абайдың бұл өлеңінің кей сөздерін дұрыс тәржімелемесе де, әуезділігін, ырғағын кетірсе де, жалпы мағынасын берген 
деп есептеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет