Ключевые слова: религия, атеистическое воспитание, мировоззрение, религиозные праздники и
обряды, советские праздники и обряды
ҒТАМР 03.20
ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АПИЫН: “ДАМЫҒАН СОЦИАЛИЗМ” КЕЗЕҢІНДЕГІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АТЕИСТІК ТӘРБИЕСІ
Бекмағамбетова Майсара Жауғаштықызы
1*
, Бекмағамбетов Руслан Қабдуғалиұлы
1
,
Бимолданова Айгул Амантайқызы
2
1
А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, Қазақстан, Костанай,
2
Абай атындағы ҚазҰПУ., Қазақстан, Алматы қ.
*Автор-корреспондент
E-mail: Maisara75@mail.ru (Бекмағамбетова), Ruslan69_07 @mail.ru (Бекмағамбетов), malaeva96@
mail.ru (Бимолданова)
Түйіндеме. Бұл зерттеуде дін саласындағы мемлекеттік саясат және «дамыған социализм»
кезеңінд егі қазақстандық балалардың өміріне қалай әсер еткені қарастырылады. Зерттелген
кезеңде ел басшылығы адамдар өмірінің материалдық-рухани сапасын жақсартуды, «жаңа адамды»
тәрбиелеу және «әр балаға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» идеяларын жүзеге асыруды
жариялады. Кеңес өкіметі дәстүрлі діни идеялар мен практикадан бас тартқан марксистік-лениндік
ғылыми атеизмді насихаттады. Жаңа коммунистік дүниетаным бала кезінен қалыптасуы керек еді,
ол мектептегі, отбасындағы идеологиялық және ақпараттық науқанға бағытталған.
Бұған жаңа кеңестік мерекелер мен діни рәсімдер ықпал етті. Діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер
қатаң сынға ұшырайды, прогрестің жаулары деп жарияланады, сенушілер дұшпандық идеологияның
өкілдері деп танылды. Өскелең ұрпақты «апиыннан» қорғау, ғылыми білім негізінде атеистік
дүниетанымды қалыптастыру қажет болды. Осыған сүйене отырып, партиялық және мемлекеттік
органдар мектеп, комсомол, пионер және қоғамдық ұйымдарды осы науқанның авангардына
айналдырды. Бірақ мұрағаттық дереккөздер мен ауызша тарихтың деректері оқушылардың
отбасылық-тұрмыстық күнделікті өмірінде діни салттардың сақталғанын айғақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |