Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


ҒТАМР 03.20 DOI 10.51943/1814-6961_2022_1_89



Pdf көрінісі
бет96/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   264
34-36-PB (2)

ҒТАМР 03.20 DOI 10.51943/1814-6961_2022_1_89
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ПРАВОСЛАВИЕЛІК МИССИОНЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Мұхатова Оразгүл
1*
1
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы қ.
*Автор корреспондент 
Е-mail: Orazgul7@rambler.ru
Түйіндеме. Мақалада Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс православие 
шіркеуінің қазақ даласындағы қызметі ҚР Орталық мемлекеттік архивіндегі 64 және 44-қор 
құжаттары бойынша талданады. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қытайдан Жетісу облысының Сарқан
Қапал, Көксу, Верный, Түрген елді мекендерінде қоныс аударған қалмақтардың христиан дінін 
қабылдаулары, шоқындыру рәсімдері туралы баяндалады. Сарқанда қытай эмиграттары үшін ашылған 
миссионерлік мектептің жұмысы, оған бөлінген қаржы, миссионердің атқарған жұмыстары архив 
деректері негізінде қарастырылады. Сарқанда миссонер болып тағайындалған Диамид Чернявскийдің 
атқарған жұмыстары және генерал-губернаторға берген есептері, жазған хаттары, олардың мазмұны 
ашылады. Келесі священник Василий Покровскийдің күнделікті үгіт-насихат жұмыстары және 
басынан кешкен жекелеген оқиғалар туралы баяндалады. Миссионердің жұмысындағы қиындықтар 
мен кедергілер Қазақстанның өзге аймақтарындағы миссионерлік қызметпен салыстырмалы түрде 
көрсетіледі. Христиан дініне енгендерді казак әлеуметтік тобына қосу мәселесінің орын алғандығына 
назар аударылады. Верныйда жаңадан шоқынғандардың есімдері мен тектерін өзгерткен оқиғалар 
айтылады. Христиан дініне енгендерге жәрдем ақы беру, кәсіпке үйрету, жер телімдерін беру және 
т.б. нақты мысалдар бойынша жүйелі түрде көрсетіледі. Алтай және Қырғыз епархияларының 
Том миссиясының жыл сайын атқарған жұмыстары туралы есеп тарихи дерек ретінде талданады. 
Қазақтарды христиан дініне тартуда уағыздардың жүргізілуі және оған жергілікті тұрғындарды 
көбірек тарту мақсатындағы құйтырқы әрекеттері сөз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет