Философия және саясаттану факультеті



бет9/12
Дата15.02.2024
өлшемі155 Kb.
#491898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Дәріс 12. Латын Америка елдеріндегі әскери төңкерістер. Латын Америкасындағы әскери режимнің ыдырауы
Мобилизациялық саяси жүйелердің күйреуі. Латын Америка елдеріндегі әскери төңкерістер. Латын Америкасындағы әскери режимнің ыдырауы. Соғыс басталған кезде Латын Америкасы елдердің басым бөлігі бейтараптылық ұстады. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Л атын Америкасының 8 елі (Бразилия, Гаити, Гондурас, Гватемала, Коста-Рика, Никаранда, Панома) Германияға соғыс жариялады. Латын Америкасы елдері соғысушы жақтарға соғыс өнеркәсібіне қажетті шикізат пен азық-түлік сатып, бір талай қаржы қорын жинады. Еуропаның дамыған елдерінің соғысқа қатысуы олардың Латын Америкасына дайын өнеркәсіптік тауарлар шығаруын шектеді, соның нәтижесінде бұл аймақта ұлттық өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік туды. Өндеуші, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп орындары көбейді. Соғысқа дейінгі кезенде Латын Америкасының экономикасындағы шетелдік капиталдың 80%-і Ұлыбританияның үлесіне тән. Ал соғыс жылдарында АҚШ капиталының үлесі көбейді. Американ капиталының басым бөлігі Мексикада, Кубада және Орталық Америка елдерінде орналыстырылады.
Соғыстан кейінгі кезендегі Латын Американың елдерінің қоғамдық өміріне тән сипат әлеуметтік қақтығыстардың өсуі болды. 1918-1919 жж. Бразилияда, Аргентинада, Кубада, Перуде, Чилиде жұмысшы және шаруа қозғалысы өрледі. Латын Америкасының бірқатар елдерінде комунистік партиялар пайда болды, алайда олар саяси өмірінде елеулі рөл атқарған жоқ. Комунистердің пролетариат диктатурасын орнату арқылы ұран көтеруі және Коминтернге кіруі өкіметінің наразылығын тудырады.
Латын Америкасының бірқатар елдерінде студенттер қозғалысы күшейді. 1918 жылы Кордова (Аргентина) университетінің студенттері манифест шығарып, онда университеттерге автомания беру, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін енгізу, оқу бағдарламаларын жаңарту туралы талаптар қойды. Студенттер қозғалысы нәтижесінде Латын Америкасында 250-жылдарда университеттік реформалар жүргізілді.
Латын Америкасы елдерінің саяси дамуында әр түрлі бағыттар орын алды. Кубада 1925 жылы Х.Мачадонның, Чилиде 1927 жылы К.Ибаньестің диктатурасына орнады. Олар Италия тәжірибесіне сүйініп, корпоративтік мемлекет құруға тырысты. 1909-1935 жж. Венесуэлада дектаторлық тәртіп болды. Аргентина мен Уругвайда либералдық-демократиялық билік қалыптасты. Бұл елдерде кейбір өнеркәсіп орындары, мұндай көздері национализацияланып, мемлекеттік сектор құрылды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді: 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, жалақы көбейтілді, зейнет ақы төлеу жзүйесі қалыптаса бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет