ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары



бет9/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

Этнос және этникалық. Қарапайым түсінікте этнос - бұл халық немесе ұлт. Алайда бұл түсінік ғылымда мүлдем қолданылмайды, керісінше ғылымда этникалық қауым немесе топтар деген ұғым бар.
Этникалық қауым-бұл адамның бір қауымға жататынын өзіндік сезінуі.
•Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
•Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.
Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады.
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.


  1. Социогенез теориялары

Социогенез (социогенез; новолат. лат. sociogenesis. societas-қоғам және басқа да грек. γένεσις — шығу тегі) - көп мағыналы термин.
Әлеуметтану мен әлеуметтік антропологиядағы Социогенез-адамзат қоғамының тарихи және эволюциялық пайда болуы мен қалыптасу процесі.
Әлеуметтік психологиядағы Социогенез-әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік-экономикалық формациялардағы әлеуметтенудің ерекшеліктеріне байланысты сананың, тұлғаның, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы.
•Христиан ойшылы Әулие Аугустин, дүниежүзі тарихын адамның күнәһар болуынан бастап,Христостың қайта келіп,Жер бетінде құдайдың патшалық құруына дейінгі аралықты бір сызықтық тұрғыда қарастырады.Мұны тарихтың мақсаты мен жетер шыңы ретінде түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет