ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары



бет6/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

Ежелгі діни нанымдар

•Синтоизм (жапон. 神道 «құдайлар жолы») - Жапонияда кең тараған дәстүрлі дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.

Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.


•Индуизм - б.з. 1-мыңжылдықта қалыптасқан діни және діни-фило- софиялық жүйелердің кешенінен тұратын дін. Өзінің қалыптасуы барысында индуизм үш кезеңнен өтті.
•Үндістанның діни нанымының алғашқы кезеңі ведалық дін болды, ол б.з.б. 2-мыңжылдық бұрын қалыптасты. Ол Үндістанға арийлік тайпалар арқылы енді. Оның негізін Ведалар (санскр. - білім, қасиетті білім) - қасиетті мәтіндер құрады. Ведалар төрт бөліктен тұрады: Ригведа - әлемнің пайда болуы мен басты құдіреттер туралы айтылатын аңыздар мазмұнындағы, ежелгі гимндер жиынтығы; Самаведа мен Яджурведа - ғибадат құлшылықтары мен әдет-ғұрыптар жиынтығы; Ахтарваведа - діни әндер мен тылсым құлшылық жинақтары. Веда дінінде басты орында құрбандық шалу болды. Берілген құрбандығы үшін адам құдіреттен өзінің тілегінің орындалуын талап етуге құқылы болды. Жоғарғы құдай болып күн күркіреуі мен найзағайдың жебеушісі Индра саналды.
•Иудаизм. "Иуадаизм" терминал еврейлердің Иуда тегінің атауынан шыққан, Давид патша да осы текке жатады. Оның кезінде б.з.б 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың бірінші жартысында Израиль-Иудей мемлекеті аса қуатты елге айналды. Бұл жағдай иудейлердің басымдылықта болуына ықпал етті. Иудей термині көбінесе еврей сөзінің баламасы ретінде де қолданылады.
•Зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те аталады.
•Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». зороастризм ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.Зороастризм діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады.

•Махинейлік. Иранның ресми дініне айналған зароастризм, секранттық-діни қозғалыстардың қалыптасуының негізіне айналды.Олардвң қатарындағы ең белгілісі және әлемге кең таралғанв махинейлік-Манидің(216-277жж.) ілімі болды.


•Даосизм-бұл ақыл мен әрекет, рух пен материя, сана мен өмір біртұтас бірлікке жинақталған, өмір сүру жолы.

12)Әлемдік діндер мен өркениеттердің дамуы.Буддизм.Христиан.Ислам


А) •Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б.I-мыңжылдықта Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі т.б.
•Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:
Азап бар;
Азапта себеп бар;
Азапта соң бар;
Жол азаптың тоқталуы бар.
Ә) •Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін.
Б.з 1-ғасырында Рим империясының провинциясы-Иудеяда пайда болды.
•Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.

Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.


•Христиандық өзінің қалыптасуы барысында төрт кезеңнен өтті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет