Алғашқы кезең(б.з. 1ғ. басы.)-Христостың өсиет жүргізу әрекеттерінің уақыты.
Екінші кезең(30-136жж.)-алғашқы христиандық қауымдардың және олардың идеялық ұстанымдарының қалыптасуы.
Үшінші кезең(136-313жж.)-епископтық шіркеулердің пайда болуы
Төртінші кезең(313ж.-6 ғ.)-христиандық Рим империясының ресми дініне айналуы.
Б)Ислам(араб.бағыну,мойынсұну )-ең жас,соңғы әлемдік дін,7 ғасырдың басында Батыс Арабияда,Меккеде пайда болды.
Исламның негізі ханифизмнен бастау алды.Арабияда кезбе уағызшыларды ханифтер деп атаған,олар көпқұдайшылықты айыптап,бір ғана құдайға-Рахманға құлшылық етуге шақырды.Ханифтер араб тайпаларының саяси бірігуіне ықпал етті.Ғалымдар исламның негізін салушы Мұхаммедтің де ханиф болғанын жоққа шығармайды.
Құран(араб.оқу)-Мұсылманның қасиетті кітабы Алладан түскен сөздерден құралған,ол Мұхаммед арқылы адамдарға жеткізілген.Мұхаммед бұл жазбаларды өзі жазбаған.Қүран 114 сүреден тұрады,онда 6219 аят бар.
Сүннет-Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекеттері мен сөздерінен құпалған мұсылмандарға арналған өсиет.
Шариғат-Құран мен сүннеттер негізінде пайда болған,мұсылмандар құқығының қағидалары.
Исламның бес парызы бар,оны әрбір мұсылман білуі тиіс және міндетті түрде орындауы керек.
1.Куәлік сөзін айту-ол«Лә иләһа иллаллаһ Мухаммед Расулуллаһ»деген сөз.
2.Бес уақыт намаз оқу-бетін Меккеге қаратып құлшылық ету.
3.Ораза ұстау-ай күнтізбесі бойынша тоғызыншы ай-рамазанда мұсылмандар таң сәріден,күн батқанша ауыз бекітеді.
4.Қажылық ету.Меккедегі исламның басты қасиетті орны Қағбаны жеті реет айналып құлшылық ету.
5.Зекет беру міндетті салық түрі,ол қауымның қажеттілігіне жұмсалады және кедейлер мен жағдайы төмендерге беріледі.
13)Адамның пайда болу теориялары
•Адамның пайда болуы жөнінде екі негізгі көзқарас бар: ғылыми және діни.
•Адамның пайда болуы жөнінде діни көзқарас.Діни көзқарас дәлелдеуді қажет етпейді,сенім мен аңыздарға жүгінеді.Адамның пайда болуы жөнінде діни түсініктердіғ негізінде креационизм тұжырымдамасы жатыр.
•Креционизм-адам мен бүкіл тіршіліктің тәңірі тылсым күшінің көмегімен Жаратушыға сәйкес келетін діни тұжырымдама.
•Әлемдік авраамдық діндер-иудаизм, христиандық әне ислам-креционизм тұжырымдамасын мақұлдайды.Иудей-христиандық «Болмыс кітабына» сәйкес,6000 жыл бұрын әлемді қалыптастыру барысында,құдай адамды жаратқан.Жер бетіндегі алғашқы адам-Адаматаны-құдай топырақтан,ал алғашқы әйел Хауананы-Адамның қабырғасынан жаратқан.Адам мен Хауа күнә жасап,Жұмақтан жерге қуылғанша жұмақ бақтарында өмір сүрген .
•Адамның пайда болуы жөнінде ғылыми көзқарас.Креционизмді ғылыми биогенез теориясы жоққа шығарады-биогенез ғылымы бойынша адамның пайда болуы биогенетикалық өзгерістер нәтижесінде болады.Ғылымда мойындалған теория бақылау мен тәжірибе барысында белгіленген фактілерге сүйенеді.Эволюцияны зерделеу мен физикалық антропология мен палеонтология, сонымен қатар генетика шұғылданады.
Антропогенез-адамның пайда болуы және оның түр ретінде эволюциясы.Антропогенез-саналы адамның,яғни қазіргі адамның пайда болуына алып келген биологиялық эволюциялық бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |