8)Америка өркениеті
Америка өркениеті. Америка материгіне ең алғашқы адамдар 30 мың жыл бұрын Азиядан қос құрлықты жалғап жатқан шағын мүйіс арқылы өтіп келген. Кейіннен осы мүйісті мұхит суы басып қалып, Америкаға келген тайпалар басқа әлемнен бөлініп қалады. Осындағы бос жатқан кең далаға қоныстанған олардың ұрпақтары кейіннен үндіс деген атауға ие болды, өз мемлекетін және ерекше мәдениет қалыптастырды.
• Америка халықтарының ішінде майялықтар,инктер,ацтектер ерекше өркениет қалыптастырды.Олардың жетістігі сол орта ғасырлардағы Батыс пен Шығыс өркениетімен астасып жатты.
9)Мая өркениеті
Майя өркениеті. Майялықтар - Америкада жазба ескерткіштері қалдырған жалғыз ғана халық. Майялықтар Орталық АмерикадағыЮкатан түбегін мекендеген және өздерінің жазуымен, өнерімен,сәулетімен, математика және астраномиясымен белгілі.
•Майя елінде кен орындары кездеспегендіктен, металлургия өндірісіболмады. Негізгі өндірістері жер өңдеу болды. Жерді ағаштардан отап,өртеп тазартты. Орманды тазалауда тас балталар қолданды. Ағаштықабығын сыпырып, сол арқылы тамырын құрғатып құлатып отырды.Құрғақ әрі құлаған орман ағаштарына от қойылып, өрт жаңбыржауғанша жанып жатты. Жаңбырдыңалдында тазартылған алаңдарғадән сеуіп тастайтын. Жер иелері қарабайыр құралдарды қолданып-аққұнарлы жер мен жүгерінің жоғары сұрпы арқылы мол өнім алатын.Майялықтар аңшылықпен әрі балық аулаумен шұғылданды. Ал үйжануарларын өсірген жоқ. Майялықтар мен көршілесхалықтар арасындағы айырбас саудасықызу жүрді. Мексика, Панама, Колумбия және Перуден оларға қарулар,өнер бүйымдары мен әшекейлер - қымбат тастар, бақалшақтармен металдан жасалған бұйымдар әкелінді.
•Майя өркениетiнде құрбандық шалу — екi түрлi болған. Бiрi құдайға шалатын құрбандық, екiншiсi өлген адамға құрмет көрсету үшiн шалынатын құрбандық.
10)Инктер мемлекетінің өркениеті
•Инктер мемлекеті. Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай мыңдаған шақырым аралықта инктер империясы созылып жатты.Аңыз бойынша оның негізін салғандар Күннің балалары. Олар адамдарға жер өңдеу мен қолөнерді үйрету үшін әрі олардың өмірін бақытты етуүшін жерге түскен.
•Инктердің тарихи аңызы инктің соңғы жоғарғы билеушісі - Ата- уальпанің алдында болған 12 билеушінің атын атайды да, олардың көршілес тайпалармен соғысын баяндайды. Алайда инктер туралы нақты тарих тоғызыншы билеуші - Пачакутидің (1438-1463) әрекеттері арқасында басталады. Осы уақыттан бастап инктердің дәуірлеуі басталады: мемлекет қалыптасып, бірден іргесін бекітеді. Соңғы жүзжылдықта инктер Анд аймағындағы Оңтүстік Колумбиядан орталық Чилиге дейінгі барлық тайпаларды жаулап алып, өздеріне бағындырды. Шамамен есептегенде, сол уақытта инктер мемлекетіндегі халық саны 6 миллион адамға жеткен.
•Мемлекет билеушілері бағынышты тайпаларға билігін арттыру әрі олардың көтерілістерінің алдын алу үшін инктердің үстемдігін қорғайтын заң шығарды. Инктер мемлекеттегі барлық адамдарды бір тілде - кечуа тілінде сөйлеуге міндеттеді.
Достарыңызбен бөлісу: |