I Тарауды қысқаша қорытындылау
Алдымен бұл тараудағы ең негізгісін ажыратып , оның нәтижесін өздіктеріңнен жазуға әрекет жасаңдар . 7-9 басты мәселелерін іріктеңдер, содан соң оны төменде жазылғандармен салыстырыңдар .
1.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары бойынша барлық денелер молекулалардан тұрады: молекулалардың арасында молекулалардың өздерінің өлшемдерін аз, тым кішкентай қашықтықтарда тебу күші, ал үлкен қашықтықтарда-тарту күші әсер етеді ; молекуладар бейберекет жылулық қозғалысқа қатысады.
2.Молекулалар массалары өте азғандай , ал үлкен денелерде олардың саны өте көп.
3. Салыстырмалы молекула масса деп молекула массасының көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасын айтады:
4.Заттың мөлшерін мольмен өрнектейді . Моль-0,012-кг көміртегінде қанша атом болса, сонша молекуладан тұратын заттың мөлшері .
Заттың моліндегі молекулалар санын NA 6x1023 Авогадро тұрақтысы деп атайды. Заттың мөлшері бнрілген молекулалар санының Авогадро тұрақтысына қатысына тең:
5.Мольдік масса деп бір моль мөлшерде алынған заттың массасын айтады: M=m0NA.
6.Сұйықтар мен қатты денелерде молекулалар тікелей бір-бірімен тығыз орналасады . Қатты денелерде атомдар қатаң ретпен орналасқан және тепе-теңдіктің өзгермейтін қалыптастары маңайында тербеліс жасайды. Сұйықтарда молекулалар ретсіз орналасқан және ауық-ауық бір тепе-теңдік қалыптан басқасына секіру жасап тұрады.
7.Молекула-кинетикалық теорияның идеал газ деп өзара әсерлері елеусіз аз болатын молекулалардан тұратын газдарды айтады.
8.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі бойынша газдың қысымы молекулалар шоғыры мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының көбейтіндісіне проорционал яғни : мұндағы:
2-тарау. Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары. Молекулалардың өлшемі.
Молекулалар тым кішкентай, алайда олардың өлшемі мен массасын бағалаудың қаншалықты қарапайым екенін көріңдер. Бір ғана бақылаудың және аса күрделі емес есептеулердің өзі жеткілікті. Әрине, мұны қалай жасау керектігін ойластыру да қажет.
Зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясы негізіне әрқайсысы да тәжірибелер нәтижесінде дәлелденілген үш тқжырым алынады: зат бөлшектерден тұрады; бұл бөлшектер бей-берекет қозғалады; бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.Мұндағы әр тұжырым тәжірибеде қатаң дәлелденген. Қандай болса да дене атаулының инфузорийден бастап жұлдыздарға дейін,барлығының қасиеті мен әрекеті сол денені құрайтын бөлшектердің-молекулалар,атомдар немесе тіпті бұлардан басқа түзілістер-злементар бөлшектердің бір-біріне әсер еткендегі қозғалысына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |