Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Nshfk 2 29 2011

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
19 
және т.б.) қарым-қатынас бала дамуының әр түрлі кезеңіндегі бірнеше тәсілдер (сӛз, мимика, бетпе-бет) 
арқылы жүзеге асатын ерекше әрекеттестік ретінде қарастырды.
Қарым-қатынас дамуының бұзылуы тұлғалық қатынастың мазмұнды қырына кері әсерін тигізеді. 
Сонымен қатар балалар қарым-қатынасының екі маңызды аймағын естен шығармау қажет. Олар 
ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы. Олардың тығыз байланыстылығына қарамастан 
бұлардың әр қайсысы бала қарым-қатынасы дамуының деңгейін бейнелейді.
Мектепке дейінгі жастағы бала ӛзін қоршаған адамдарды кӛзімен кӛреді. Егер отбасындағы 
бағалау және үміт баланың жас ерекшелігіне, жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, оның ӛзі жайлы 
кӛзқарасы шындыққа сай келмейді. М.Н.Лисина (1985) балалардың отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін 
ескере отырып мектеп жасына дейінгі баланың ӛзіндік санасы дамуы деңгейін қарастырады. Ӛзі жайлы 
нақты кӛзқарасы дамыған балалар тәрбиеленген отбасында ата-аналар оларға қажетті деңгейде кӛңіл 
бӛледі; олардың физикалық және ақыл-ой дамуына адекватты баға береді; мектептегі жақсы үлгерімді 
жоспарлайды. Мұндай балаларды жиі мақтайды, қарым-қатынасты шектеу арқылы жазалайды. Ӛзіндік 
бағалауы тӛмен балалардың отбасында олармен жеткіліксіз деңгейде айналысады, бірақ жоғары талап 
қояды, тӛмен бағалайды, жазалайды, олардан ешқандай жетістік күтпейді. 
Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және баланы 
жазалау, баласы үшін үлгі болуға тырысады. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың 
тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана 
қажетті жағдайда ғана қолдану қажет. Ӛте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе ӛшпенділік 
болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада ӛзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге 
болады деген ұстанымды туындатады. 
У.И.Ауталипова (1999) ӛзіндік бағалау мен бала тәрбиелілігі арасындағы тәуелділікті айқындады. 
Автор ата-анасымен қақтығысқа жиі түсетін балаларды эксперимент арқылы бӛліп алып, әр түрлі тестік 
әдістемелерді отбасындағы ата-ана мен бала қатынасында (В.Я.Варга – В.В.Столин; К. Томас тесті
С.А.Будассидің ӛзіндік бағалауды зерттеу әдістемесі; сауалнамалар) қолданады. 
Соның нәтижесінде ӛзіндік бағалауы тӛмен балалардың ӛздеріне кӛңілі толмайтындығын кӛрсетті. 
Мұндай жағдай ата-аналары балаларына оның шамасынан жоғары талап қоятын отбасыларда жиі орын 
алып отырады. Бала ӛз ата-анасының талабына сәйкес келмейтіндігін сезінеді. Ӛзіндік бағалауы жоғары 
жағдайда да адекватсыздық байқалады. Бұл баласын кӛп мақтап, кішкентай жетістіктері үшін де сыйлық 
беретін отбасында да кездеседі. Жоғары, бірақ шамадан тыс ӛзіндік бағалауы жоқ отбасында балаларға 
бағытталған кӛңіл бӛлушілік қажетті деңгейдегі талапшылдықпен сәйкес келеді. Ӛзіндік бағалауы тӛмен 
балаларға отбасында шамадан тыс еркіндік ұсынылады, алайда бұл еркіндік ата-ана мен бала арасындағы 
қатынас бұзылуы нәтижесіндегі бақылаусыздық болып табылады.
Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар эмоционалды қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі 
болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың сӛзі мимика, жест және поза кӛмегімен жүзеге 
асырылады. Бала ата-анасы және жақындарының қарым-қатынас стиліне еліктей отырып, санасыз түрде 
соған бейімделіп кетеді. Сӛйлеу мәдениетіне ие отбасы баласының бойына қолданылып жүрген қарым-
қатынас стилін бейімдейді. Эмоционалды қатынастың бұзылуы нәтижесінде бала бойында үрейлілік 
дамиды. Жоғары үрейлілік тұрақты сипатқа ие болады. Мысалы, бала ауырып қалып ӛз құрдастарынан 
қалып қойды, ол оқу үрдісіне қосылуда қиналады. Егер оның бойындағы уақытша қиындықтарды 
ересектер тітіркендірсе, бірдеңені қате жасап қою қорқынышы, үрейлілік туындайды.
Мұндай жағдай ата-аналар тым жоғары талап қойғанда да туындайды. Үрей мен оған байланысты 
тӛмен ӛзіндік бағалаудың ӛсуі нәтижесінде баланың танымдық жетістіктері тӛмендеп, сәтсіздік сезімі беки 
түседі. Ӛзіне деген сенімсіздік нәтижесінде келесідей ерекшеліктер де туындайды. Ересектердің нұсқауын 
орындау, үлгі бойынша ғана әрекет ету, ӛз ойын білдіруге қорқу, білімдер мен әрекет тәсілдерін ресми 
түрде меңгеру. Ӛз баласының оқу әрекетінің нәтижелілігінің тӛмендеуіне кӛңілі толмаған ересектер 
қарым-қатынас барысында аса үлкен кӛңіл бӛле отырып, бала бойындағы эмоционалды дискомфортты 
үдете түседі. Нәтижесінде келесідей шеңбер құрылады: баланың жағымсыз тұлғалық ерекшеліктері оның 
оқу-танымдық әрекетіне әсер етеді, жағымсыз қатынасын туындатады, ал бұл кері реакция бала 
бойындағы жағдайды күшейтеді. Бұл шеңберді ата-аналардың ұстанымы мен бағалауын ӛзгерту арқылы 
түзуге болады. Балаға жақын ересек адамдар бала жетістіктерін байқап, оны қателіктері үшін аса қатал 
жазаламау арқылы оның үрейлілік деңгейін тӛмендетеді және сол арқылы оқу тапсырмасының сәтті 
орындалуын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет