Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования



Pdf көрінісі
бет51/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Nshfk 2 29 2011

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 
 
С.Т.Кӛкенов - 
 дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы 
Волейбол (ағылшынша: volleyball , volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - спорт ойыны.1995 
жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 
1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене 
шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын 
ұсынған. Оның басты қағидалары тӛмендегідей: 
• 
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. 
• 
Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м). 
• 
Себеттің кӛлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м). 
• 
Биіктігі: 6,5 фут (198 см). 
• 
Допрезіңкетеріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г. 
Алдымен осы волейбол ойынының шығу тарихына тоқтала кететін болсақ. 
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы 
он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік 
Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған кӛрінеді. Ежелгі Рим 
жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар 
әр командада 3-6 ойыншыдан бӛлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны 
әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған. 
Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан
У.Дж.Морган. 
Арада бір жыл ӛткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс 
штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың 
бастамашылары бола білді. 
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде 
профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 
1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама 
ретінде шағын кітапша басып шығарды. 
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің ӛзге елдеріне 
таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 
1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г. 
 
68 
бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі 
бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 
жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка 
құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Югославияда, 1925 жылы 
Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды. 
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде 
ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық "Mikasa" корпорациясы мен ағылшындық "Molten" 
"Wilson" фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 
1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 
жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер ӛтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 
ерлер командасымен Азия ойындары ӛтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты. 
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-
дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді ӛткізудің бір әдісі ретінде 
ойнаған. 
1921 жылы Қиыр Шығыста ӛткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында 
ӛткен алғашқы жоғары дәрежеде кӛрсетілді. 
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен 
волейболдан алғашқы ойын ӛткізілді.Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық 
чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер 
волейбол құрамасын Кубада ӛтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен 
Польшада алғашқы ұлттық чемпионат ӛтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ 
айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары ӛзара бәсекелесті. 
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада 
ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды. 
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда ӛткен аймақтық олимпиада 
жарысында ӛнер кӛрсетті. 
Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша ӛкілдігі волейболды 
гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама кӛтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка 
елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды. 
1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар ӛткізіліп тұрды. 
Алайда, Берлинде ӛтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. 
Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда 
ӛткізілді. 
1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, 
Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, 
Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB - ФИВБ) Халықаралық 
волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға кӛп септігін 
тигізді. 
1980 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға ӛсті. 1984 жылы жаттықтыру 
курсының 100 жылдық мерейтойы болды. 
Еліміздің волейбол тарихына кӛз жүгірстек. 
Қақақстан тәуелсіздік алғаннан кейін волейбол спортын дамытудың жаңа мүмкіндіктері пайда 
болды. Қазақстандықтардың енді ӛздері тікелей халықаралық жарыстарға, олимпиадаларға қатысуына жол 
ашылды. Мұның ӛзі, әрине, спортшылардың шетелдерге жиі шығып, ӛнер кӛрсетулеріне мүмкіндік берді. 
Арнайы ұйымдастырылып ӛткізіліп тұратын жарыстар Қазақстан Республикасының деңгейін анықтап, 
тәжірибе жинақтауын қамтамасыз етеді. Жанкүйер қауым бұл турнир туралы шетелдік мықты 
командалардың ойындарын кӛру мүмкіндігіне ие болды.
Елімізден Кеңес Одағы кезінде кӛптеген саңлақ волейболшылар шыққан, «Буревестник» сияқты 
бұрынғы Одақта атағы жер жарған Еуропаның мықты клубы қалыптасқан. 
Онда Олег Антропов, Валерий Астанин, Амангелді Сұлтанов, Вадим Кулаков, Александр 
Портной, Вячеслав Шапран сынды ойыншылар негізін құрады. Ал бұл команда 1967 жылы КСРО 
чемпионатының жоғары лигасында қола жүлдегер атанса, келесі жылы КСРО спартакиадасы мен 
чемпионаты жоғары лигасында күміс жүлдесіне қол жеткізді. 1969 жылы КСРО біріншілігінің жеңімпазы 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
69 
атанып, ӛз тарихында алғаш рет Еуропа чемпиондарының кубогын ұтып алды 1971 жылы КСРО-ның қола 
жүлдегері «Буревестник» тағы да Еуропа чемпиондары кубогына ие болады. Сондай-ақ ол КСРО-ның V 
спартакиадасында 3-орынға шығып, 1973 жылы «Буревестник» командасының аты «Дорожник» болып 
ӛзгерді. 
Бірақта ел құрамасына бас бапкер болып тағайындалған КСРО, Қазақстан және Латвия 
Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Паршин ҚазАқпарат тілшісімен 
сұхбатында волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасына ӛз ұлттық кадрларымыз қажет екенін атап ӛтті. 
Кезінде КСРО құрамасын да баптап, Латвия, Түркия, Жапония сынды елдерде жемісті жұмыс жасай 
білген бапкердің айтуынша, Қазақстан волейболын дамытудың тӛрт жылдық бағдарламасына сәйкес 
ұлттық құраманы бірте-бірте жасарту міндеті алға қойылып отыр. Егер осы күйде жүре берсек, тӛрт 
жылдан кейін құраманың белді ойыншыларының жасы отыздан асып кетеді де, ел намысын абыроймен 
қорғау одан сайын қиындай түседі. Биылша тәжірибелі ойыншыларға сенім артсақ, келесі маусымнан 
бастап ел құрамасы жас волейболшылармен толықтырыла беріледі. Ӛйтпесе болмайды. Қазіргі кезде 
Қазақстан құрамасы негізінен легионерлерден тұрады. Ұлттық құрама ӛз түлектерімізден жасақталуы 
керек. Бұл үшін кемінде үш-тӛрт базалық клуб құрылып, оның құрамында жасӛспірімдерден бастап 
ересектерге дейінгі инфрақұрылым болғаны жӛн. Команданы күшейту үшін бір-екі легионерді ұстауға 
болар. Қазір екі-үш клуб қана жас ойыншыларды қатарға қосуда. Қалғандары сырттан келгендер есебінен 
«күн кӛруде». Соның салдарынан волейбол ӛзінің тартымдылығын жоғалтты, ұлттық намыс жоқ. Жас 
ойыншыларымызда тәжірибе жетіспей жатыр. Қазіргі уақытта әлемдік волейбол қатты дамып кетті. 
Барлық жерде бұл ойын жүйелі түрде жолға қойылған. Егер мұны бүгін қолға алмаса, ертең мүлде кеш 
болады. Сол себепті әр мектепте арнайы волейбол кластарын ашып, балалар бапкерлерін қайтадан жинап, 
оларға барынша жағдай жасаған дұрыс. Кезінде бұлардың кӛбі жан-жаққа кетіп қалды. Бұған енді жол 
бермеу үшін жаттықтырушылардың жалақылары да жоғары болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет