№1. Ара қашықтығы 100 км А және В пунктерінен бір мезгілде екі велосипедші шықты . Бірінші велосипедшінің жылдамдығы екіншісіне қарағанда 30 км/сағ-қа артық және ол В пунктіне екінші велосипедшіге қарағанда 3 сағат ерте келді . Әрбір велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.
№2. Жүк машинасы 50 км/сағ. жылдамдықпен қаладан ауылға қарай шықты . 2 сағаттан кейін оның артынан жылдамдығы жүк машинасының жылдамдығына қарағанда 25 км/сағ-қа артық жеңіл машина шықты. Егер екі машина ауылға бір мезгілде жеткен болса, қаладан ауылға деінгі арақашықты табыңдар
№3. Қаладан ауылға дейінгі арақашықтықты автомобиль 4 сағатта жүріп өтті. Қайтар жолда ол жылдамдығын 20 км/сағатқа арттырып, қалаға 3 сағатта оралды. Қаладан ауылға дейінгі арақашықтықты табыңдар.
№4. Поезд 60 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып ұзындығы 200 метр көпірден 0,3 минутта жүріп өтеді. Поезддың ұзындығын табыңдар.
№5. А және В станцияларының ортасында поезд 10 минут кідірді . В пунктіне кесте бойынша жету үшін машинистке алғашқы жылдамдығын 6 км/сағатқа арттыруға тура келді. Егер станциялардың арасы 60 км болса, поездың кесте бойынша жылдамдығын (алғашқы жылдамдығын ) табыңдар .
№6. Поезд станцияда 6 минутқа тоқтады да өзінің кешігуін 36 км –лік жол кестесінеде жойды. Ол үшін поездың кесте бойынша жылдамдығын 4 км /сағат артық жылдамдығымен жүруге тура келді.поездың кесте бойынша жылдамдығын табыңдар.
№7.
Жанкүйерлер стадиондағы басталатын матчқа үлгеруі тиіс. Егер ол үйден 5км/сағат жылдамдықпен жаяу шығатын болса, онда 30 мин ерте барады. Матчтың бастаулына қалған уақыттың және үйден стадионға дейінгі арақашықтықты табыңдар.
№8. Шаңғышы туристтік лагерге берілген уақытта келу үшін 10 км жол жүруі тиіс. Жол ортасында ол 15 мин кідіріп қалды да , жылдамдығын 10 кмсағатқа арттырып , лагерге дәл уақытында жетті.Шаңғышының алғашқы жылдамдығы қандай еді?
№9. 7 сағат ішінде катер өзен ағысымен 60 км және ағысқа қарсы 64 км жүрді. Келесі жолы 7 сағат ішінде өзен ағысымен 80 км және ағысқа қарсы 48 км жүрді . Катердің меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
№10. Моторлы қайық өзен ағысымен 16 км жүзді де , кідірсетен кері қайтты, барып қайтуына 3 сағат уақыт жіберді. Келесі жолы моторлы қайық 2 сағат ішінде өзен ағасымен 8 км және ағысқа қарсы 12 км жүрді. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығын және өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
№11. Қайық 12 км/сағат жылдамдықпен бір айлықтан екінші айлаққа қарай шықты. Жарты сағаттан кейін сол бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен парахот шыты. Егер парахот қайықтан 1,5 сағат бұрын келсе, онда айлақтар арасын қанша?
№12. Өзен ағысымен катер 3 сағат , ағысқа қарсы 4,5 сағат жол жүрді. Катер жылдамдығы 25 км/сағат болса , онда өзен ағысының жылдамдығы қанша?
№13. Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км тынық суда жүзді.Барлық жолға 1 сағат уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағат болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.
№14. Өзен ағысының жылдамдығы 2,2 км/сағат .катердің өз жылдамғы 15,3 км /сағат . егер өзен ағысымен 3 сағат ,ал өзен ағысына қарсы 4 сағат жүрсе ,онда катер қандай жол жүрген?
№15. Жылдамдығы 2 км /сағат моторлы қайық екі пунктің арақашықтығын өзен бойымен барып қайтуға еш жерде тоқтамастан , 6 сағат 15 минутта жүріп өтті .Пункттердің арақашытығы 60 км .Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
№16. Порттан 1 мезгілде екі теплохот шығып , бірі оңтүстікке ал екіншісі шығысқа қарай жүзіп кетті. Екі сағаттан кейні олардың арақашықтығы 174 км болған ,егер олардың біреуі сағат сайын екіншісінен 3 км артық жүріп отырған болса, олардың әрқайсысының орташа жылдамдығы қандай болған ?
№17. А және В кемежай арақашықтығын катер өзен ағысымен 6 сағатта жүзіп өтті. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағат .Ағысқа қарсы жүзе отырып ,кейін қайтып келу үшін 7 сағат жұмсады. Катердің менікті жылдамдығын табыңдар.
|