2. Суару жұмыстарын сапалы жүргізу үшін берілген суды дұрыс есепке алып, уақтылы өлшеп отыру қажет. Су өлшеудің ең маңызды әдістері:
1. Арналы әдіс. Мұндай әдісте су көлемі әртүрлі гидрометриялық құралдар арқылы су жүретін каналдың көлденең қимасының көрсеткіштері мен су ағынның орташа жылдамдығын табу арқылы анықталады.
2.Гидравликалық әдіс.Бұл әдісте су көлемін арнайы жасалған ойықтар мен су өлшегіш қоңдырғылардан өткен судың көрсеткіштерін анықтау арқылы табады. Суғармалы жерде пайдаланылып жүрген су сөлшегіш қоңдырғылар үш топқа бөлінеді:
1. Су өтімін өлшегіш. Бұл қоңдырғы өзінің бойынан ағатын су өтімін анықтайды. Оларға иванов, Чиполетти, Томсон су өлшейтін қоңдырғылар мен су өлшегіш саптамалар жаатды;
2. Су өтімін өлшегіш және реттегіш. Бұл қоңдырғы су өтімін және оны реттеуді бірдей атқарады. Бойынан өткен су көлемін аранйы көрсетіп тұратын су санағыш құрал болады. Олар ВПГ-58, ВДГ -58, ДРС-60 және т.б. өлшегіштері.
3. Автоматты су өлшегіш. Оларға Баку, Ташкент, «Валдай» және т.б. автоматты су өлшегіштері жатады.
Сурет.Чиполетти су өлшегіш қалқаны.
3.Әрбір шаруашылықтар, жеке қожалықтар мен фермерлерде суару жұмысы алдын-ала есептеліп бекітілген ішкі шаруашылық суды пайдалану жоспары арқылы жургізіледі. Бұл жұмысты сапалы атқару үшін қабылданған суару технологиясын мұқият жүргізіп атқару керек.
Әсіресе суару мерзімін сақтап, белгіленген суару нормасын жеткізіп отыру өте қажет. Бұл үшін шаруашылық бөлімшелерінде тәжірибелі сушылардың болғаны абзал және олардың жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылуы кажет. Барлық суару жүйелері, ондағы гидротехникалық құрылымдар жөнделіп, суғармалы жер тегістелуі керек. Қарық, пал уақытылы дайындалып отырылуы қажет.
Суару жұмысын сапалы жүргізу үшін төмендегі жұмыстар жүргізіледі:
шаруашылықтағы барлық каналдар, құрылымдар сәуір айына дейін жөнделіп тазаланады;
қарықты суғарар алдында 1-2 күн бұрын, ал палды егінді егер кезде дайындайды.
Қарықта және палда ен ыңғайлы еңістік 0,003-0,005 аралығы болып табылады. Қарықтың тереңдігі алғашқы кезде 10-15 см болса, кейінірек 20-25 см-ге дейін жеткізіледі. Қарықпен жіберілетін су деңгейі оның жалпы тереңдігінің 1/3 бөлігі, ал кіші еңістікте 2/3 бөлігі толуы тиіс. Бір қарыққа 0,1-1,0л/с су, ал палмен суғарганда әрбір метр еніне 3-5 л/с су беріледі.
Қарыққа, палға берілетін су өтімі оның бойындағы топырақты қажетті тереңдігіне дейін біркелкі ылғалдандырып, оны шайып кетпеуі керек. Соңдықтан ол су өтімін өлшеп реттеп отырады. Ол үшін әртүрлі аспаптар пайдаланылады.
Қарыққа берілетін су өтімін дұрыс анықтап алу керек. Мысалы, ұзындыгы 200метр қарықты, 600м3/га суару нормасымен суару керек.
Жеке қожалық шаруашылығында суғару машиналарын пайдаланған тиімді болады. Ондай машиналардың «ПШН-165»; «ППА-165У» және т.б. түрлері бар. Бұл машиналар кәдімгі мелиоративтік матадан жасалған шлангалардан және 'Т-28-3" маркалы трактордан тұрады. Суғару жұмысына аға сушы жауап береді. Әр сушыға резеңке етік, күрек, кетпен, сифон, қалқан, қолғап беріледі.
суғару жұмысын ұйымдастырып-басқарушы агроном. Бөлімше бастығы және бригадирлермен бірге ол суғарудың сапасына, суғару мерзімінің сақталуына жауап береді. Суғару жұмысының оперативтік графигін жасауға қатысады. Күн сайын аға сушыдан суғарылган жерді қабылдайды.
Ал, шаруашылықтағы суғару жүйесінің тынымсыз жұмыс істеуін гидротехник қамтамасыз етеді. Ол суды уакытылы әр бригадаға, әр звенога жоспар бойынша бөліп, оның пайдалануын қадағалап отырады.
Суғармалы жерлердегі бірден-бір қолайсыз жағдай каналдармен гидротехникалық құрылымдардың тасынды шөгінділерімен басылып қалуы. Мұндай жағдайда каналдың су өтімі төмендеп отырады. Суару жүйесіне түскен тасынды шөгінділері канал табанына әр түрлі көлемде отырады:
бас каналда - 30-60%;
шаруааралық - каналдарда - 30-60%;
шаруа каналында - 10-30%;
танапта - 1-10%.
Тасынды заттар әсіресе су тасқыны кезінде көбірек болады. Неғүрлым өзендегі су лай болса, соғұрлым олар суару жүйелеріне көбірек түсіп отырады. Тасынды заттар құрамы әртүрлі болып келеді:
құмдақ бөлігі d >0,05мм - 10-25% ;
майда бөлігі d =0,05-0,005мм - 60-80%;
тұнба бөлігі d<0,005MM - 10-20%.
Құмдақ бөлігі өзеннің түбімен жылжып отырса, майда тасынды бөлігі өзен суымен араласып жылжып отырады. Каналдарга түскен тасынды шөгінді заттар өте зиян. Оларды жыл сайын тазартып отыру қаржыны көп қажет етеді. Сондықтан оларға қарсы арнайы жұмыстар жүргізіледі:
Тасынды заттардың суғармалы жерге түсуін азайту.
Каналдарды гидравликалық тәсілмен жуып шаю.
Тасынды заттарды табиғи сай жерлерде шөгіндіру.
Каналдарды механизмдер арқылы тазалау.
Тасынды заттармен күресудің жолдары мынадай:
- өзен бойымен жагалауының жуылып - шайылуына қарсы бекіту жұмыстарын жүргізу;
- суару жүйесіне суды есептік нормасынан артық алмау;
- судың лайлығы көп болғанда(тасқын кезінде) су алу графигін өзгерту;
- тасындыға қарсы инжөнерлік құрылыстар салу.
Көл тәріздес түнбада тасынды заттардың бәрі оның түбіне шөгеді де, су тіпті таза болып шығады. Таза сумен суғарған кезде топырақ бетіндегі құнарлы қабатын жуып кетпес үшін оны лай сумен араластырады. Ол лай суды тоғанның шетінен өтетін кішігірім каналмен береді. Каналға түскен тасынды заттарды экскаватор, грейдер, бульдозер сияқты механизмдермен тазалайды. Сонымен қатар канал бойын шөптен тазалап тұру керек. Каналды шөп басып кетсе оның су өтімі 50-70%-ға дейін төмендейді. Канал бойын жылына 2-3 рет шөптен тазартып отырады. Канал бойын шөптен тазалауға арналған механизм жоқ. Кейбір жерлерде кәдімгі қайыққа орналасқан шөп шапқышты пайдаланады. Ал кейбір жерлерде шөпті гербицидпен улап өлтіреді не өртейді. Соңғы екі тәсіл қоршаған орта мен адамдарга қауіп туғызады, сондықтан көп пайдалануға болмайды.