Г. Г. Жанахметова Топ: бх-21-115-12 Мазмұны Кіріспе



бет2/9
Дата18.05.2022
өлшемі96 Kb.
#456966
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
реферат №1

Георафиялық ендікке климаттық элементтердің таралуы тәуелді, яғни жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне байланысты. Экваторға неғұрлым жақындаған сайын күн сәулесі түсу соғұрлым үлкен болады. Демек жер беті қызуы жоғары дәрежеде болады.
Теңіз деңгейінен биіктігі биіктеген сайын атмосфералық қысым төмендейді. Күн радиациясы мен эффективтік нұрлану көбейеді. Температура төмендегенде ауа ылғалдылығы азаяды, ал желдің бағыты мен жылдамдығы күрделі түрде өзгеріп отырады.
Жер беті бойынша құрлық пен мұхиттың таралуы. Осы факторларға байланысты теңіздік және контиенттік климат түрлерін ажыратады. Метеорологиялық көрсеткіштер таралымындағы зоналылық құрлыққа байланысты өзінің заңдарын бұзады. Құрлық үстіндегі атмосфераның әрекеттесу орталықтары мұхит үстіндегімен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар. Сондықтан циркуляция жүйесі күрделене түседі.
Құрлық бетінің орографиясы – таудағы климат жағдайына теңіз деңгейі биіктіктен басқа тау жоталарының биіктігі және бағытталуы беткейлерінің экспозициясы басым болатын желдердің болуы аңғарлардың ені мен беткейлерінің еңістігі т.с.с. факторлардың әсері бар. Тауларда ауа ағыстары тоқтап қалып, ал фронттар өзгеруі мүмкін. Жоталар арасында желдердің жылдамдығы өзгереді. Таулы аудандарда жергілікті желдер пайда болады. Беткейлерде температураның түрлі режимдері қалыптасады.
Мұхиттық ағыстар – мұхит ағыстары теңіз бетіндегі термикалық режимінде кескін айырмашылықтарын туғызады. Сонымен ауа температурасының таралуына және атмосфералық циркуляцияға әсер
етеді. Мұхит ағысының тұрақтылығының атмосфераға ықпалы климат қалыптастыру деңгейінде болады.
1.1. Қазақстаның климатын түзуші факторлар
Климаттың калыптасуына климат түзуші факторлар ыклал етеді. Казақстанның климаты оның географиялық орнына, күн радиациясына, атмосфера циркуляциясына байланысты қалыптасады.
Географиялық орнының әсері. Казақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Аумағы ұлан байтақ жерді алып жатқан еліміздің климаты континентті. Биік таулардың республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында жатуы, ал солтүстігінде биік таулардын болмауынан арктикалық суық ауа оның ішкі аймақтарына еркін өтеді. Бүл да климаттың өзгеруін туғызады. Климаттың құрылуына географиялык ендіктің де әсері мол. Күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы, одан бөлінетін жылу мөлшері климатты қалыптастырудағы негізгі фактор болып саналады. Жылу мен жарық — ауа мен су қабатында өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде болып жататын барлық процестердің басты себепкері.
Казақстанның табиғат зоналары да географиялық ендік бойынша орналасқан. Республикамызда жылдың төрт мезгілі айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет