Арктикалық ауа массасы республика жеріне Солтүстік Мұзды мұхиттан құрғақ, суық ауа әкеледі. Соның әсерінен көктем айында қар жауып, күзде жер беті тоңазиды. Сөйтіп шаруашылыққа көп зиянын тигізеді.
Қоңыржай ауа массасы. Атлант мұхиты жағалауынан баяу жететін бұл ауа массасы ылғалының көбін жолшыбай жоғалтқанмен республика батысына біршама жауын-шашын әкеледі. Қыста ауа температурасының көтеріліп, жазда төмендеуі осы қоңыржай ауа массасының келуіне байланысты.
Тропиктік ауа массасы. Орта Азия мен Иранның үстінде қалыптасатын бұл ауа массасы көбіне республикамыздың онтүстік аймағын қамтиды. Континентті тропиктік осы ауа массасының әсері Қазақстанның оңтүстік бөлігі ауасының температурасын көтереді. Бұл өз кезегінде жерді қүрғатып, шаңды үйіреді.
ІІ тарау. Қазақстан климатының динамикалық жағдайы
Қазақстан территориясы негізінен қоңыржай континеттік типіне жатады. Тек таулы аймақтарда ғана ылғалды климат типтері кездеседі. Континенттік климат типіне тән ерекшеліктер қазақстанда айқын байқалады. 1. Температураның амплитудалық айырмашылығы өте жоғары. 2. Ауасы құрғақ болып келеді. 3. Риспубликаның көпшілігі бөлігінде атмаспералық ылғалдылық өте аз. 4. Қыс айлары оңтүстікте қысқа болса, солтүстікте ұзақ және қатаң болады. 5. Жаз айларының ыстық болып келеді Қазақстаның географиялық орны мен ендіктері жағынан Жерорта теңіздікжәне өрт. Европалық климаттық типіне сай келеді. Бірақ басқа да көпеген факторларға басты климатымыз ерекше континентті бөлік. Қазақстанға қыста Сібірдің, қатаң суығы жазда. Орта Азияның ыстығы әсер етеді. Қазақстанға ылғал тек Атлант мұхитынан ғана келеді. Ал таулы белдеулерде климат басқаша қалыптасады. Климат құрушы факторлардың бірі ауа массаларының циркуляциясы. Қазақсан териториясында атмосфералық қысым біркелкі таралмаған. Әртүрлі климат құрушы факторларларға байланысты. Барометрлік жоғарғы қысымды алаң қазақстанның жазық саласы тауы бөлігі арқылы, өтеді. Осы белдеуден солтүстіктен және оңтүстікке қарай қысым біртіндеп төмендейді. Таулы аймақтарда атмосфералық қысым теңіз деңгейінен жоғары көтерілген сайын азая береді. Жыл бойы қысымның маусымдық өзгеруі жақсы байқалады. Қазақстан территориясында ауа массалары 2 топқа бөлінеді.
1. Қазақстан территориясында қалыптасқан жергілікті ауа массалары.
2. Қазақстанға сырттан келетін экс-территориялық ауа массалары.
Жергілікті ауа массалары бірнеше типке бөлінеді.
1. Полярлық континенттік Солтүстік Қазақстанда қалыптасатын Батыс Сібірлік ауа массасы.
2.Полярлық Фронттық континенттік. Тұран ауа массасы.
3.Тропиктік континенттік. Тұран ауа массасы.
4. Полярлық континенттік Шығыс Европада қалыптасатын Батыс Қазақстандық ауа массасы.
5. Таудағы муссон типтес ауа массалары.Мұндай ауа массалары биік таулы аймақтарда қалыптасады.
Экс – территориялық ауа массаларының типтері.
1. Континенттік арктикалық ауа массасы.
2. Грекландия және Баренц теңіздерінің теңіздік арктикалық ауа массасы.
3. Атлантиканың солтүстіктен келетін теңіздік полярлық ауа массасы.
4. Континенттік тропиктік Иран ауа массасы. Бұл ауа массалары көбінесе жаз айларында байқалады.
Циклондық жылы ауа массаларының өтуіне байланысты қалыптасады. Циклондар 3 бағытта таралады.
1.Солтүстік ендіктердің циклондары.
2.Орта ендіктердің циклондары.
3.Оңтүстік ендіктердің циклондары.
Антициклондардың пайда болуы салқын ауа массаларының өтуіне байланысты. Антициклондар бірнеше типке бөлінеді.
1. Орталық Қазақстанда қалыптасатын полярлық не арктикалық және оңтүстікте жылы тропиктік және полярлық ауа массалары.
2. Шығыс Қазақстанның жазықтық бөлігінде қалыптасатын ауа массалары.
3. Оңтүстік Қазақстанның жазықтық бөлігінде қалыптасатын ауа массалары.
Қазақстан климатының динамикалық жағдайының маусымдық режимі анық байқалады. Қыс айларында антициклон Қазақстанның солтүстік-шығысы жазықтық аймақтарының үстінде тұрақтанады. Мұнда оның ұзақтығы 10-20 күнге дейін жетеді. Қазақстанның солтүстік-шығысы және орталық бөлігінде антициклондар басым болып келеді. Арктикалық фронты 40-45 с. е аралығында өтеді. Фронттар солтүстікке қарағанда оңтүстікте жиі байқалады. Оңтүстік Қазақстанда Тұран полярлық ауасы басым болады. Республиканың солтүстігінде антициклондық өрістердің ұлғаюына байланысты циклондық құбылыс онша болмайды. Қыс айларында биік таулы аймақтарда ауа ағыны басқаша жүреді. Биік таулы аймақ пен жазықтықтың шекараларында фронтық процестер күшті байқалады. Осы кезде суық ауа массалары биік тауға көтерілмей тау етегі жазықтықтарында жинақталады. Тауда ауа қысымы төмен. Сондықтан да жазықтықтарда тауға қарай қыс айларында желдер соғып тұрады. Кіші жүзөктемде ауа ағыны қыстан жазға өтпелі сипатта болады. Температура көтеріліп, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінен жылы ауа массалары жиі келе бастайды. Фронт оңтүстіктен солтүстікке қарай ауыса бастайды. Қазақстанда климаттың континеттілігіне байланысты көктем ұзаққа созылмайды. Қазақстанның оңтүстік аудандарында жазда тропиктік ауаның әсері басым болса, қыста полярлық ауа массалары басым болады. Республиканың оңтүстік аймағында қоңыржай континент климаттан субтропиктік климатқа өтпелі ерекше аймақ болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |