Айлық орташа максимальді және орташа минимальді мәндер, әрбір тәуліктің максимальді және минимальді тсмпературалары бойынша анықталады. Олар тәуліктің ең салқын және ең жылы уақытының температуратық режимін сипаттайды және температураның тәуліктік амплитудасын анықтайды. Мысалы, Қызылордадағы орташа максималъді және орташа минимальді ауа температурасының жылдық жолын қарастырайық. Шілдеде ауа температурасы күндіз орташа алғанда 34,1 °С-ға жетеді, түнде 18,4 °С-ге дейін төмендейді, ал тәуліктік амплитуда 15,7 °С құрайды. Каңтарда ауа температурасы күндіз минус 4,7 °С-ға жетеді, түнде минус 13,3 °С-ге дейін төмендейді, ал тәуліктік амплитудасы 8,6 °С болады.
Температураның тәуліктік амплитудасының ең жоғарғы мәні тамызда (16,4 о С), ең төменгі мәні желтоқсанда (8,0 0 С) байқалады.
Көктемде және күзде ауа температурасы күндіз оң таңбалы, түнде теріс таңбалы болатын кездер байқалады. Бұл кезең көктемде наурыз, күзде қараша айларына сәйкес келеді.
Қайталанушылық. Климатты толығырақ сипаттау үшін, ортаңғы және шеткі мәндерден басқа метерологиялық элименттердің жылдың
әр кезеңіндегі қаталанушылығын білу керек. Осы мақсатта метерологиялық элименттердің белгілі бір мәндері мен құбылыстар байқалған күндер саны есептелінеді.
орташа айлық температура мәні ең ықтималы мән бола бермейді. Мысалы, Алматы –ГМО станциясында ( Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысы) қаңтардың орташа температурасы минус 6, 8 оС, ал қаталанушылығы ең жоғары орташа тәуліктік температура минус 4, 0о С шамасында. Қайталанушылықтың қисық сызығы қысқы айларда ассиметриялы, жазғы айларда симметриялы болып келеді, яғни температура режимін жазғы орташа айлық температуралар қыс айларына қарағанда дәлірек сипаттайды. Мысалы, Алматы-ГМО станциясында орташа тәуліктік ауа температурасының ассиметия коэффициенті қаңтарда минус 0,4-ке, шілдеде минус 0,1-ге тең.
Ү тарау. Қазақстан аумағындағы жауын–шашынның таралуы
Республикамыздың аумағында жауын-шашынның таралуы ауаның температурасына, атмосфера циркуляциясына, жер бедеріне тығыз байланысты. Мысалы, жауын-шашын тау мен қыраттың жел жақ беткейлеріне молырақ, ал ық жағына азырақ түседі.
Орманды дала зонасында жауын-шашынның жылдық түсу мөлшері 400 мм шамасында (Петропавл қаласы маңында 423 мм). Қазақстанның далалық зонасында жылына орта есеппен 250-300 мм жауын-шашын түседі. Орталық Қазақстанда 275 мм, Жезқазғанда 208 мм. Қызыл-ордада 151 мм жауын-шашын жауады.
Республикамызда жауын-шашынның ең аз түсетін жері (100 мм шамасында) — Балқаш көлі жағалауы мен Арал теңізі маңындағы Қарақұм өңірі. Маңғыстау түбегінде 150 мм, ал түбекке жақын жатқан шөлді ауданда 100-125 мм мөлшерінде ылғал түседі. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы тау беткейлерінде жауын-шашын біршама мол жауады. Биік таулы аудандарда жылына орташа есеппен 400-1000 мм ылғал түседі. Жауын-шашынның ең көп жауатын жері Алтай тауының батыс беткейі (1500 мм-ден артық жауады). Ал Өске-мен қаласында 536 мм мөлшерінде жауын-шашын түседі.
Солтүстікте жауын-шашынның көпшілігі жазда, ал оңтүстікте жылдың салқын мезгілінде жауады. Шөл зонасында жауатын жауын-шашын көктем мен күз айларында түседі. Іле Алатауының солтүстік беткейінде жауын-шашын мөлшері 900 мм мөлшерінде (Алматы қаласында 629 мм мөлшерінде ылғал түседі). Кез келген аумақтың ылғалдылығы тек жауын-шашынның түсу мөлшеріне ғана емес, булану мөлшеріне де байланысты келеді. Егер буланудың мөлшері жылдық жауған жауын-шашын мөлшерінен аз болса, онда ылғалдың мол болғаны. Ал, керісінше, буланудың мөлшері жылдық жауын-шашын мөлшерінен артық болса, онда ылғалдың аз болғаны.
Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды:
мұндағы К — ылғалдану коэффициенті, Ж — жылдық жауын-шашын мөлшері, Б — булану мөлшері.
Егер жылдық жауған жауын-шашын мөлшері булану мөлшерімен шамалас болса, онда ылғалдану коэффициенті 1-ге тең болады да, мұндай жағдайда ылғалдану жеткілікті деп есептелінеді. Ылғалдану коэффициенті 1-ден кем болса, онда ылғалдану жеткіліксіз болады.
Мысалы, республикамыздың оңтүстігінде Түркістан қаласы маңында булану мөлшері 1250 мм, ал жауын-шашын мөлшері 238 мм болса, онда ылғалдану коэффициенті -ға тең болады.
Демек, ылғалдану жеткіліксіз, яғни жауын-шашыннан булану 5 есе артық деген сөз. Мұндай жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суару қажет. Сондықтан да климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері зор.
Қазақстан облыстарының агроклиматтық аныктамалықтарында жылу мен ылғал қоры, ауыл шаруашылық дақылдарынын даму сатылары, ауа райында болатын қолайсыз жағдайлар (үсік, боран, көктайғақ т. б.), күздік егіс туралы мәліметтер беріледі. Республика аумағында орташа тәуліктің температурасы 10°-тан жоғары температураның жиынтығы солтүстік аудандарда 2000-2100°, ал
оңтүстікте 4300-4600°-қа дейін жетеді. Солтүстік Қазақстанда күннің жылуы мен сәулесінің молдығы жаздық бидай, зығыр, көкөніс және бау-бақша өсіруге қолайлы. Орталық Қазақстанның агроклиматы дәнді дақылдар, қарақұмық, күнбағыс, картоп өсіруге қолайлы. Бұл аймақта ауаның орташа температурасы 10°С-тан жоғары болатын кезең 150-160 күндей. Оңтүстік Қазакстанның агроклиматы күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылшасы сияқты жылу сүйгіш дақылдарды өсіруге қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |