Г. Г. Жанахметова Топ: бх-21-115-12 Мазмұны Кіріспе


ІҮ тарау. Климаттық негізгі көрсеткіштер



бет7/9
Дата18.05.2022
өлшемі96 Kb.
#456966
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
реферат №1

ІҮ тарау. Климаттық негізгі көрсеткіштер
Орташа мәндер. Климатты сипаттау үшін ең алдымен Метеорологиялық элементтердің (температура, ылғалдылық, қысым, т.б.) көпжылдық орташа мәндері қажет. Мысалы Жер шарының жерге жақын ауа температурасы (теңіз денгейіне келтірілген) орташа алғанда 14,2 °С-ға тең, солтүстік жарты шарда — и15,2 °С, оңтүстік жарты шарда -13,8 °С. Қаңтардың температурасы солтүстік жарты шарда -9,0оС, оңтүстік жарты шарда - 16,4 °С. Шілденіің температурасы солтүстік жарты шарда — 22.4 °С, оңтүстік жарты шарда – 11,4 о С,
Элементтердің орташа мәндерінің климатологиялық маңыздылығы, оның абсолюттік дәлдігінде емес, үлкен территория немесе планета масштабында олардың бір-бірімен салыстырылымдығында. Температура, жауын мөлшері және т.б. орташа мәндерін, берілген географиялық ауданның шамамен алған климатологиялық нормасы" ретінде қарастыруға болады. Себебі, орташа мәндер басым кездесетін мәндер болып табыла бермейді.
Көпжылдык орташа мәндер, жеке метеорологиялық, элементтердің тәуліктік және жылдық тербелісін зерттеуге мүмкіндік береді. Элементтердің жылдық жүру жолы қисықтарын салыстыру, берілген территория климатының манызды ерекшеліктерін анықтауга мүмкіндік береді. Мысалы, Қызылорда станциясындағы ауа температурасының және салыстырмалы ылғалдылығының, жауын-шашын мөлшерінің жылдық жолын қарастырайық.
Қызылордада ең салқын ай қаңтар (минус 9,6 °С), ең жылы ай шілде 1,24,6 °С) болып табылады. Температураның жылдық амплитудасы –
ең жылы және ең салкын айлардың орташа температураларының айырмашылығы - 34,2°С құрайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0 °С-тан жоғары қарай наурыздың ортасында, төмен қарай қарашаның ортасында өтеді.
Жауын-шашынның жылдық жиынтығы 114 мм құрайды және оның басым бөлігі (66 мм) салқын маусымда (қараша-наурыз) жауады. Жазда тропосферада, температурасы өте жоғары құрғақ ауа массасы тұрақтанатындықтан (жылулық депрессия мен субтропиктік антициклондардың арқасында жауын-шашын ете аз болады. Жаздың күні жер беті қатты қызғанда теменгі тропосферада жылулық депрессия (жылы циклон) дамиды, ал кейде субтропиктік антициклондар келіп орнығады. Ең құрғақ ай – тамыз айы (3 мм), ең жауынды ай – ақпан (15 мм). Жазға қарай жауын-шашын азайып температураның өсуіне байланысты ауа ылғалдылығы да төмендейді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының орташа айлық мәндері салқын кезеңде - 70-80 %, жылы кезеңде - 54 % аралығында болады.
Жалпы Қызылорда облысының жазы ыстық та құрғақ, қысы суық та желді болады. Қыстың күні ұзақ уақыт сібір антициклоны орнығатындықтан, жерге жақын ауа қабаты қатты салқындайды.
Шеткі мәндер. Ауа-райы режимі құбылмалы болып келетіндіктен, әсіресе қоңыржай белдеуде, метеорологиялық элементтердің орташа мәнінен басқа шеткі мәндерінің де маңызы зор болады.
Шеткі мәндер — ең үлкен және ең кіші мәндер (максимальді және минимальді) — метеорологиялық элементтің тербелу аралығын көрсетеді.
Абсолюттік максимум немесе минимум - берілген элементтің бүкіл бақылау кезеңінде бір рет қана байқалған ең шеткі мәні.
Мысалы, Қызылорда метеостанциясында ауа температурасының абсолюттік максимумы 46,0 °С 1912 және 1983 жылдары шілдеде байқалды. Абсолюттік мәндер климатты сипаттауға келмейтіндіктен, максимальді және минимальді мәндердің орташасы анықталады. Олар климатологиялық анықтамаларда көбіне тек ауа температурасы бойынша беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет