Г. Г. Жанахметова Топ: бх-21-115-12 Мазмұны Кіріспе


ІІІ тарау. Ауа қысымы мен жылудың таралуы. Фронттар. Жел



бет5/9
Дата18.05.2022
өлшемі96 Kb.
#456966
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
реферат №1

ІІІ тарау. Ауа қысымы мен жылудың таралуы. Фронттар. Жел.
Ауа қысымы. Жер шарында атмосфералык қысымның өзгеруі барлық жерде үздіксіз әрі өте үлкен мөлшерде жүріп жатады. Атмосфера қысымы жалпы алғанда биіктеген сайын (тауға шыққанда) заңды түрде азая береді. Климаттық картада қысымы бірдей жерлерді қосатын сызықты изобарлар деп атайды. Қыс айларында Еуразия материгінің орталық бөлігінде тұрақты жоғары қысымды аймақ пайда болады, оны азиялық немесе моңғол-сібірлікантициклон деп атайды. Қыс айында материкте орналасқан антициклонды ауаның жоғары-төмен қозғалуына байланысты жер беті қатты суынады. Азия антициклоны Қазақстан қысының қатаң әрі суық болуына өз әерін тигізеді.
Ауаның температурасы. Бүкіл республика климатына тән нәрсе ауа температурасының бір тәулікте және жыл бойы өте құбылмалы болатындығы. Қазақстанда ең суық ай — каңтар, ең жылы ай — шілде. Қаңтардағы орташа температура солтүстіктен оңтүстікке карай, Петропавл қаласы маңында — 19°С, ал оңтүстікте — 4°С мөлшерінде өзгереді. Республикамыздың солтүстігінде кейбір күндері ауаның температурасы — 55о С-қа дейін төмендейді де, ал жылдың орташа температурасы — 1 оС мөлшерінде болады. Ал оңтүстікте күн сәулесінің молдығынан жылдық орташа температурасы +10°С шамасында болады. Республикамыздағы қыста қатты суынатын аймақ
— Алтайдың тау аралық қазаншұңқыры (кейде — 54°С-қа дейін төмендейді).
Қазақстандағы ең жылы кез — шілде айы. Шілдедегі орташа температура — солтүстікте +20о С, ал оңтүстікте +30о С-қа жоғарылайды. Таулы аудандарда биіктеген сайын температура төмендейді (Алматы қаласында +22,3°С болғанда, сол мезгілде Медеуде +18,5°С. Мыңжылқыда 3016 м биіктікте небары +8,4о С болады).
Республикамыздың жазық жерлерінде шілде айының орташа температурасы +18 оС, +29,3 о С мөлшерінде , ал көпшілік жерінде жоғары температура +42°С, +44С, ал қиыр оңтүстікте +47 оС-қа жетеді. Температураның жылдың ауытқуы 80 оС-90°С аралығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет