Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар



бет13/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Бақылау сұрақтары

1.Сызықты бағдарлау дегеніміз не?

2.Азимут дегеніміз не?

3.Дирекциондық бұрыш, румб дегеніміз не?

4.Магнит тілінің ауытқуы мен меридиандар жақындасуы дегеніміз не?

Дәріс №5

План, карта, профиль.

Жоспар

  1. План , карта және профиль.

  2. План мен картаның негізгі ерекшеліктері.

  3. Масштабтар мен олардың дәлдігі.

Жер бетінің немесе оның жеке бөліктерінің кішірейтіліп, арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазық-тықтағы бетке кескінделуін карта дейді. Ал шағын аймактың дәл осындай кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план деп атайды. План мен карталардың, халық шаруашылығының кай саласында болсын, атқаратын рөлі зор. Жерге байланысты ғылыми жөне практикалық жұмыстар жүргізбес бұрын, ең алдымен, карта арқылы сол территорияны жете зерттеу қажет, яғни зерттеу объектісін белгілеп, жүретін маршруттарды, жолдарды, т.б. қағаз бетіне (планға) түсіру керек. Жергілікті жердің территориясын зерттеп, көптеген жаңалықтар енгізіліп, бұрынғы карта мен план толықтырылады (2.1, а-сурет).

Демек, барлық жүргізілген жұмыстар карта, планмен тығыз байланысты және картаға (планға) түседі, картадан (планнан) басталады да, картамен (планмен) аяқталады.

План мен картаның негізгі ерекшеліктері:

l.-Планда жердің шағын аймақтары үлкен (1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000) масштабпен алынса, карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен (1:50000, 1:100000) алынады.


  1. Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады, ал план бетінде тік бұрышты координаталық тордың кескіні ғана болады.

Планда жердің дөңестігі ескерілмейді. Кескіндеу масштабы планның барлық бағытында тұрақты болса, картада ол тек меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады. Жер бетін плат мен картадан баска профиль деп аталатын жердің вертикаль бағыттағы кесіндісі арқылы бейнелеп көрсетуге де болады (2.1, §-сурет).


Жалпы алғанда, профиль көлденең кесіндінің (қиманың) дербес (жеке) түрі болып есептелінеді. Жер кыртысының бетінен оның терең, қабаттарына дейінгі аралығының тік бағыттағы (вертикаль) көрінісін қима не­месе көлденең қесінді дейді



Қималар үнемі горизонталь және вертикаль масштабтарда сызылады. Жол және әр түрлі құрылыс салуда сол жердің рельефі мен геологиялық құрылысы арасындағы байланысты анықтау кажет болғанда, киманың верти­каль масштабы горизонталь масштабпен ондаған, кейде жүздеген есе үлкейтіліп (іріленіп) сызылады.

Мәселен, горизонталь масштаб 1:5000 болса, оның вертикаль мас­штабы 1:500 болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет