Бақылау сұрақтары
1.План, карта, профиль дегеніміз не?
2.Масштаб дегеніміз не?
3.Масштабтардың түрлері?
4.Масштаб дәлдігі дегенім із не?
Дәріс №6
Пландар мен карталардың шартты белгілері
Жоспар
1. Пландар мен карталардың шартты белгілері
2. Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу
3.Жер бедерінің түрлері
Жер бетің планға, картаға түсіру - күрдеді жұмыс, ол аса дәлдікті қажет етеді. Оларды дәл аспаптарды пайдаланып, маман-геодезистер жасайды. План мен картаның мазмұны толық түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні мен түріне мүмкіңдігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады Топографиялық картадағы шартты белгілер карталарды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден құралған біртұтас жүйеден тұрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердің әр түрлі объектілерін, олардың тектік түрлерін көрнекті бейнелейді. Ал түсіндірме жазбалар мен цифрлық белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін нысандардың ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді (2.4-сурет).
Жер бетіндегі заттарды планға масштабпен кішірейтіп салу үшін қолданылатын шартты белгілерді контурлық деп атайды.
Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Нысандардың контурлары нүктелі үзік сызықпен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.
Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болмаса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б. заттардың мөлшері, көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты. белгілер - тиісті нысанның сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызыктық нысандар да масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар нысан осін оның табиғи орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.
Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді арнайы түсіндірме шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындығы мен көтерімділігі, геодезиялық пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылған сандар, т.б. арнайы түсіндірме белгілерге жатады.
Елді мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т.б. аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар нысандардың маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы, вкз - вокзал; ск - скважина; қ — құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардағы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін нысандардың өзіне сәйкес болып келеді. Мәселен, ормандар - жасыл; су - көк, жер бедері - қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық жене әлеуметтік-мәдениет нысандары қара бояулармен боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |