атаумен оқшауланады. «Уилсон циклі» мұхит алабының
қалыптаса бастау сəтінен оның қайтадан толықтай «жабылуы»
аралығындағы процестер жиынтығын алты даму сатысына
бөліп қарастырады. 1). Уилсонның «эмбриондық даму сатысы»
континенттің екіге бөлінуімен, осы бөліктер арасында рифтілер
жүйесінің қалыптасуымен сипатталады. Уилсонның бұл даму
сатысы өзінің тектоникалық табиғаты тұрғысынан жоғарыда
аталған «рифтогендік сатыға» сəйкес келеді. 2-3). Уилсонның
келесі екі сатысы құрылым дамуының «жасөспірімдік саты
(стадия юности) жəне «кемелдену сатысы» (стадия зрелости)
деп аталады. Алғашқысының мысалы ретінде Уилсон Қызыл
теңізді, ал екіншісінің мысалы ретінде Атлант мұхитын атайды.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
106
Уилсонның бұл екі даму сатысы жоғарыда сипатталған
«мұхиттық сатыға» сəйкеседі, себебі бұл сатылардың негізгі
көрсеткіштері терең теңіз (мұхит) алабының қалыптасуы жəне
олардың түбінде толеиттік базальттардың жаппай төселуі болып
табылады. 4). Уилсонның төртінші даму сатысы «сылбырлану
сатысы» (стадия упадка) деп аталады. Уилсонның пікірінше,
бұл даму сатысы барысында мұхит алабының бірте-бірте
«тарылуы», сөйтіп мұхиттық литосфераның тереңсулы
науалар өңірінде континенттің астына қарай сұғынуы
(субдукция процесі) жүзеге асады. Субдукция нəтижесінде
мұхиттың континенттік жағалауларында негізінен андезитті
құраммен сипатталатын жанартаулар əрекеті кеңінен етек алып,
байырғы аралдық доғалар қалыптасады. Уилсон бұл даму
сатысының мысалы ретінде Тынық мұхит жағалауларын атайды.
5) Уилсонның келесі сатысы «ақырғы саты» (конечная стадия)
деп аталады. Бұл сатының мысалы ретінде Уилсон Жерорта
теңізін атайды. Аталған ғалымның пікірі бойынша, бұл даму
сатысының өзіндік ерекшелігі – мұхит жағалауларының бір-
біріне жақындай түсуі, сөйтіп аталған жағалаулардың тоғысу
аймағында тау жүйелерінің қалыптаса бастауы. Уилсонның
соңғы екі даму сатылары, яғни «сылбырлану сатысы» мен
«ақырғы сатысы» өздерінің тектоникалық табиғаты тұрғысынан
жалпы түсініктегі «аралдоғалық сатыға» сəйкес келетіндігін
ұғыну қиын емес. 6). Уилсонның ең соңғы даму сатысы
«қиюласқан тыртық» (реликтовый рубец) деп аталады.
Уилсонның пікірі бойынша, бұл даму сатысында мұхит алабы
толығымен «жабылады», жабылу аймағында сығымдалу жəне
тау жаралу процестері жүзеге асады, мұның нəтижесінде биік-
биік тау жүйелері қалыптасады, кейінірек бұл таулар
денудацияға ұшырап, оның орнында байырғы үстірттер
қалыптасатын болады. Уилсонның бұл даму сатысы жалпы
түсініктегі «коллизиялық саты» мен «платформалық саты»
екеуіне сəйкес келеді. Бұл сатылардың алғашқысы ғаламат
сығымдаулар нəтижесінде геологиялық формациялардың
деформацияға ұшырау қарқынының (қатпарлануының,
жыртылуының) шарықтау шегіне жетуімен, ал екіншісі
Геотектоника жəне геодинамика
107
тектоникалық жəне магмалық белсенділіктің мүлдем
саябырлауымен сипатталады.
Қозғалмалы тектоникалық құрылымдардың ЛТТ
тұжырымдарына сəйкес даму сатыларының жоғарыда
келтірілген тізбегі 4-дəріс ауқымында сөз болған
«Геосинклиндер туралы ілім» тұжырымдамасымен
түсіндірілетін геосинклиндердің қалыптасу сатыларына өте
ұқсас екендігін байқау қиын емес. Мəселен, «нақты
геосинклиндік саты» «рифтогендік сатыға» жəне мұхиттық
сатыға» сəйкес келеді; «инверсиялық саты» «аралдоғалық
сатымен» орайласады; «орогендік сатының» мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |