тереңсулық шөгінділерден тұратын мұхит түбіндегі
геологиялық формация «офиолитті формация» деп аталады.
3) Аралдоғалық саты. Континенттік жағалауларының
бірте-бірте бір-бірінен қашықтауы нəтижесінде бірте-бірте кеңи
берген мұхит алабы енді «қайтадан жабыла бастайды», яғни
мұхиттың континенттік жағалаулары енді бір-біріне қарама-
қарсы бағытта жылжитын болады. Мұның нəтижесінде беткі
деңгейі континенттің беткі деңгейінен біршама төмен
орналасқан мұхиттық литосфера ендігі жерде өз бағытына
қарама-қарсы қозғалған немесе «тыныш тұрған» континенттік
литосфераның астына қарай сұғынуға мəжбүр болады.
Осылайша субдукция процесі жүзеге асады. Бірінің астына
екіншісі сұғынып кетуі нəтижесінде туындаған ғаламат
тектоникалық кернеулер мен жоғары температуралар
нəтижесінде «жабылып келе жатқан мұхит» жағалауларында
«тереңсулы науалар», «аралды доғалар», «шеткі теңіздер» деп
аталатын арнаулы тектоникалық құрылымдар қалыптасады.
Бұл құрылымдар жиынтығы «Беньофф-Заварицкий-Вадати
белдемі» деп аталатын арнаулы белдем құрайтын болады.
Мұхиттардың мұндай жағалауларын «белсенді континенттік
жағалаулар» деп атайды (мысалы, Тынық мұхит жағалаулары).
Белсенді континенттік жағалауларға тиесілі жоғарыда аталған
тектоникалық құрылымдар ауқымында алуан түрлі
геологиялық формациялар қалыптасады, бұлардың көрнекті
өкілдері ретінде аралдоғалық формациялар жиынтығын
(Аралды доғаларда) жəне флишті формацияны (Шеткі
теңіздерде) атауға болады.
4) Коллизиялық сатысы. Бір-біріне қарама-қарсы қозғалған
континенттік жағалаулар бір-бірімен соқтығысады, яғни
бұрынғы мұхит алабы толығымен «жабылады». Мұның
нəтижесінде бұрын жыртылған континенттік литосфера енді
қайтадан қиюласады, яғни континент өз тұтастығын қайтадан
иеленеді. Енді бұл аймақта құрлықтық жағдай қалыптасады,
яғни мұхит алабы енді кəдімгі құрлыққа айналады. Бұған дейін
қалыптасқан бүкіл геологиялық формациялар жиынтығы
Геотектоника жəне геодинамика
105
континенттік жағалаулар арасында сығымдалуы нəтижесінде
қарқынды деформацияларға ұшырайды, яғни қарқынды
қатпарланады, жыртылады. Осының салдарынан кешегі
мұхиттың жабылу аймағында биік тау жоталары қалыптасатын
болады. Бұл аймақ ғаламат тектоникалық белсенділікпен
сипатталады. Бүйірлік сығымдау кернеулері өздерінің шарықтау
шегіне жетеді, осылайша таужыныс қабаттарының қатпарлану
жəне жыртылу қарқыны да күшейе түседі. Тауаралық
ойыстарда «моласса формациялары» деп аталатын арнаулы
геологиялық формациялар қалыптасады.
5) Платформалық саты. Тектоникалық белсенділік мүлдем
саябырсиды, тіпті тоқтайды. Қалыптасқан таулар денудацияға
ұшырайды, сөйтіп бірте-бірте аласара береді. Енді бұрынғы
таулардың орнында жазық, яғни ұсақшоқылы жербедер
қалыптасады. Таулардың денудацияға ұшырауы сол аймақтың
массасының азаюымен орайлас өтеді, бұл жайт осы аймақтың
изостазиялық тепе-теңдіктің сақталу заңдылығына сəйкес
жоғары көтерілуін қамтамасыз етеді. Мұның нəтижесінде
«таулардың тамырлары» жер бетіне шығып қалатын болады.
Аймақ енді тектоникалық жəне магмалық салғырттықпен
сипатталатын, өз ауқымында тек қана эпейорогендік, яғни
тербелмелі тектоникалық қозғалыстар көрініс беруі мүмкін
платформаға айналады.
Тектоникалық құрылымдардың жоғарыда аталған даму
сатылары геологиялық əдебиетте ォУилсон цикліサ деген
Достарыңызбен бөлісу: |