Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Жүсіп Баласағұн сөздері: 
 
Сөз сұраса – айтқын сөздің шындығын, 
Жарлық берсе – қаз-қалпында тындырғын. 
*** 
Ішпе ішімдік, жүрме бекер, тасыма, 
Қаш, жолама жарамсыз іс қасына. 
*** 
Лауазымға жақындатсаң наданды, 
Бүлдірер де, бегіне ашар аранды. 
*** 
Келістіріп айтыпты әкім ақылды: 
«Тексіз жанға берме ісің мен асыңды!» 
*** 
Тексіз жанды дәрежелеп, сенбегін.
*** 
Ақылсыздар білім сорын қайнатар, 
Білімсіздер халықты кеп жайратар. 
*** 
Білімсізді биіктетсе, өзі егер, 
Бек жазықты, бекке күдік көбейер. 
*** 
Ұлықтыққа жетсе егер надандар, 
Иесінің басын жұтар, қараңдар. 
*** 
Бектер қанша жақын тұтсын, құнықпа, 
Түзу жүргін, өзіңді әсте ұмытпа.
*** 
Ашу қысққан бекке жақын бармағын, 
Бардың екен – бір бәлеге қалғаның.
*** 
Сұраса –айт, шақырса – кір барып
Сау- саламат, қадірлесіп тұр бағып. 
*** 
Сөз көп. Білсең – таза естімей қоя сал, 
Көзің көрсе, көрмегенге сая сал. 
*** 
 
Үш нәрседен алыс жүр, сақ, байқағын, 
Бірі – қатты, қырсық болма, айтарым. 
Бірі - жалған, сұғанақтық – үшінші, 
Үшеуінің түбі қорлық, түсінші.


79 
*** 
 
Кісі сөгіп, ұсақ сөзге берілме, 
Тура сөйле, сөзді терме, тегінде! 
*** 
Адал болғын, біл, адалдық – киелі, 
Бектер – адал, адалдықты сүйеді! 
*** 
Отырғанда өз орныңды білгейсің, 
Кішік болып, жұртты көзге ілгейсің. 
*** 
 
Жөткірінбе, қақырынып, түкірме, 
Надандық бұл, қадіріңді түсірме. 
*** 
 
Өзіңнен де зорлар сөзін қозғаса, 
Құлағың сал, сөйлеп әуре болма аса. 
*** 
 
Түзу сөйле, жүзің жарық болады, 
Ізгілікке ашылсын сөз орамы. 
*** 
 
Ұста өзіңді, ішіп кірме сарайға, 
Мастық – настық, қор боласың қалайда. 
*** 
 
Егер өзің төрде отырсаң жайланып, 
Кісі кірсе, тұр ізетке сайланып. 
*** 
 
Тоқ болсаң да, бектің асын қайтарма, 
Бектің асы – ізет басы, найқалма.
*** 
 
Не сітесең де пейіліңді қасыңа ал, 
Жаныңды сал, сонда көзің ашылар. 
*** 
Егер бектік тисе, өсіп беделің, 
Білікпенен ісіңді атқар, ей, ерім! 
*** 
Уәзірлік тисе, қолың ұзарып, 
Саясатты түзу, таза жүр алып. 


80 
*** 
Кеңесшілік тисе, кеңес ақыл тос, 
Жаңылса бек, жол көрсетіп, ақыл қос. 
*** 
Қазынаға қазынашы қылып жіберсе, 
Тура, шыншыл жүріп, оны үнемде.
*** 
Хатшылыққа алса, сақ бол бұдан да, 
Құпия, сырды сақтап, сөзді шығарма! 
*** 
Тілесең сен дәйім құрмет өзіңе, 
Құрметте елді, қара кісі көңіліне. 
*** 
Ұлықтарды ұлы көріп, қадірле, 
Ұлы берер бақыт, ырыс, бәрін де. 
*** 
Не депті қарт, көпті көрген басы бар, 
Қария сөзін естісең – көз ашылар. 
*** 
Жаһан заңы – құрмет тұту үлкенге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет