Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Ел деген ана ғой, әр адам анасына жақсылық жасап



Pdf көрінісі
бет35/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Ел деген ана ғой, әр адам анасына жақсылық жасап 
үйренсе, еліне де жақсылық жасай алады. 
Бүгінде жарнама қуатты күшке айналды. Әсіресе көшелерге, көліктің 
ішіне ілінген жарнамалардың пайдасы мол екен. Көліктің ішінде келе жатқан 
жолаушының қолы да бос, басы да бос. Ол оқыған мәтін туралы ойлайды
іштей мақұлдауы не келіспеуі мүмкін. Бірақ ойланады. Осыдан бес-алты жыл 
бұрын Алматы көшелерінде Ана тілі туралы, мінез-құлық туралы 
ғұламалардың сөздері ілініп тұрды. Жұрт оқыды. Өзіміз де оқып ой түйдік. 
Күнде сол сөздерге көзіміз түсіп, тіпті жаттап алдық. Өзіміздің сөзімізде 
қолданатын болдық. Тіптім жастардан да соны байқадық. Мен өзім 
Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқытушы болатынмын. Сабақ 
кезінде, шығарма жазғанда студенттерім де сол көшедігі жарнамалардан 
мысалдар келтіретін болды. Содан мынадай ой түйдім. Жақында елге 
бардым, үлкен қара жолдың бойына, ауыл көшелеріне, қала аралық, ауданнан 
ауылға баратын көліктің ішіне тәрбиелік мәні бар сөздерді жазып, іліп қою 
керек, әр отбасында, мектепте, ұжымда адамгершілік-ізгілік туралы 
әңгімелер болу керек екен деп ойладым. 
Осы ой мазалап, көшелерге жарнама тақталарға жазып, ілуге болады-ау 
деген сөздерді кітаптарды ақтарып теріп жаза бастадым. Келешекте 
тақырып-тақырып бойынша жарнама тақталарға жазылатын сөздерді 
баспасөз беттерінде жариялап, не болмаса әкімшілікке жазып беріп отыру 
керек шығар деп те ойлаймын. 
Ұрпағымыздың тәрбиесіне алаңдамасақ болмайды, ағайын.
Әбу Насыр әл-Фарабидің сөздері: 
 
Халықты бақытқа жеткізу үшін өзара көмектесіп отырған қоғам ізгі 
қоғам болады.

Мінезі түзу шәкірттерге білім ешбір қиындықсыз қонады, оларды 
оқытып, тәрбиелеуге еш уақытта жалықпау керек.

Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан да ол өз бақытын өзі жасауы тиіс. 

Бізге тамаша көркемдік, пәк тазалық тән болғанда ғана біз бақытқа 
жетеміз. 

Адамның бақытты болуы тікелей мінез-құлқына байланысты 


78 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет