102
Алматымды, Алатауымды ҚБТУ-ымды сағынамын
Әке, осы жақында немерем Сана мені есімнен тандырып, бір сұрақ
қойды. Сұрағы мынадай болды.
–
Гүлтас апа, сендер Алматыға қайтпайсыңдар ма?
–
Неге? Сендер үшін де жақсы емес пе? Міне,
Астанаға самолетпен
ұшып келдіңдер. Егер біз Астанада тұрмасақ, сендер қалай келер едіңдер?
Сана менің сұрағыма жауап бермеді. Ойланып тұрып:
–
Сайын ата да Алматыда ғой,– деді ойлы дауыспен.
Кішкентай жүрегімен маған кімнің қымбат екенін сезіп айтты.
–
Кейін қайтамыз, балапан. Сендер Астанаға келгенде, біз мүмкін
Алматыда боламыз. Сендерге келіп тұратын боламыз,– дедім.
–
Әке, мен шыныменен Алматымды сағынамын. Алатауымды
сағынамын. Әсіресе жаңбырдан кейінгі жапырақтары нұр жауынмен тап-таза
болған Алматым ұнайды. Көшелерден ағып жатқан арықтағы сулар ұнайды,
Алатаудың қойнауындағы сарқыраған тентек өзендер ұнайды.
Әке, айтсам, сенбейсің. Алматы тура бір жыл бойы маған өкпеледі.
Астанаға кетіп қалған соң 5-6 рет іссапармен Алматыға бардым. Сонда бір
де бір рет Алатауды көре алмадым, Алматы қабағын ашпай, не тұман басып,
не мұнартып тұрып алды. Әдейі істеген сияқты. Достарыма айтамын:
«Алматым
маған қатты өкпелі, Алатауды маған көрсетпей қойды» деймін.
Мен кеткеннен соң ертеңіне аспан шайдай ашылып, Алатау көрінгенде,
достарым телефон соғып айтады. «Гүлтас, Алатауың жарқырап тұр. Сенің
кешірім сұрағаныңды жеткіздік» дейді. Гүлжан досым Алатауды көргенде:
«Амансың ба, Гүлтастың Алатауы!» деп баяғыдан Алатауға амандасатын, әлі
де солай дейді екен. Бірақ жер жұмағы Алматым да,
қасиетті Алатауым да
мені кешірді. Мен қарабасымның қамы үшін Астанаға кетпегенімді түсінді.
Әке, шынымен де, мен өз басымның жағдайы үшін кеткен жоқпын. Мені
конкурсқа шақырғанда: «Менің шәкірттерім бар ғой, оларды қалай тастап
кетемін» дедім. Сонда «Сіз келуіңіз керек,
мұнда еліміздің озық ойлы,
таңдаулы балалары оқиды. Егер сіз шын патриот болсаңыз келесіз!» деді.
Әке, Қазақстан-Британ техникалық университеті ашылған күнінен қызмет
жасадым, ол университет менің жүрегім, менің сүйікті шәкірттерім... Мен
оның сыртқы есігінің тұтқасына дейін сезінемін, баспалдақтардағы тозып,
кетілген жерері де көз алдымда, қазақтың қасиетті
перзенті Дінмұхамед
Қонаевтың отырған бөлмесінде сабақ бердім ғой ... Таңертең ерте барамын,
кешке қарай жанып тұрған шамдарды сөндіріп шығатынмын. ҚБТУ менің
университетім болатын. Университет Ректоры Ескендір Қалыбекұлымен
қоштасып, рақмет айтуға бөмесіне кіргенімде: « ... Әділ Құрманжанұлы
менің оң жағымдағы тірегім еді, ол кісі кеткенде (оң
қолының шынтағын
көрсетіп) оң тірегім кетті, енді міне сіз менің сол жағымдағы тірегім едіңіз,
енді сіз де кетіп бара жатырсыз» деді. Менің көзімен тоқтаусыз жас ақты.
«Гүлтас Саиновна, мүмкін қайтып келерсіз, мүмкін сізге ауа-райы
103
жақпайды» деді де, маған хрустальдан жасалған университеттің макетін
сыйға тартты. «Бұл – сіздің университетіңіз» деді.
Көрдің бе, әке, Астанаға кетудің қаншалықты маған қымбатқа түскенін.
Алматыға
барған сайын, жарты сағатқа болсын ҚБТУ-ыма кіріп шығамын.
Шын жүрегіммен ҚБТУ-дың керемет жеңістерге жеткенін тілеймін.
Әке, дағыстандық ақын Расул Ғамзатов өзінің атақты «Менің
Дағыстаным» деген кітабында: «Бәрін бірдей, әрине, айту қайда. Қарттардың
айтқан насихаты бар: «Бәрін тек барша жұрт айтар болар. Сен өзіңдікін айт,
сонда өзгенікі түгел болады. Әркім өз үйін салады, сонымен ауыл құралады.
Әркім өз жерін жыртады, сонда бүкіл жер жыртылып болады»,– дейді». Дәл
сол сияқты, мен де бәрін айта алмаймын ғой, тек өз сөзімді ғана айттым …
Әке, мынау төмендегі хаттар сенің ең сүйікті қыздарыңнан және Айдана немереңнен
жетті.
Достарыңызбен бөлісу: