95
перзентханасы жоқ ауылда он баланы өмірге әкеліп, асырап-бағып жеткізу
оңай болды дейсің бе? Оның ішінде үш баласы кішкене кезінде,
екі ұлы
азамат болғанда о дүниелік болды. Ана жүрегі жараланды да, жыртылды да
ғой. Ұл баланың аты ұл бала. Ол қанша жақсы болса да, ананың жанына
жақын бола алмайды. Қолынан жұмысын алар-ау, бірақ оның аналық
жүрегіндегі мейірімге құштар нәзік сезімдерін ұға алмас (әрине бәрі ондай
емес шығар). Кейін үйленгеннен кейін де ұлдардың сыры мәлім. Оны бәріңіз
білесіздер. Тіршілікте үлкен кісілер мәңгілік өлмейтіндей, жүре
беретіндей
көреміз. Бірақ мен енемді түсінуге тырыстым, әрине туған қызындай бола
алмаған шығармын, десе де, жанына жақын болдым. Оны қазір рухы келіп
тұрса, өзі де растап тұр деп ойлаймын.
Енем жарықтық, өзіне өмір тілемейтін. Бір жолы қызық болды.
Енемнің апайы өзінен 9 жас үлкен Жамбыл облысында Қордай ауданында
қызы Гүлжанның қолында болатын. Ол кісіні бәріміз Нәне дейтінбіз. Ербол
мен Саят алып келді. Нәнем жасы үлкен болса да, ширақ, өзі жүріп-тұрады.
Жүре алмай жатып қалған сіңлісін құшақтап, көңілі босады. «Мың түрлі бәле
көрсең де, күдер үзбе бір Алладан.
Әлде де сәтін салса, жазылып кетесің»
деді. Енем: «Ой, нәне, енді бізге өмір тілеп не керек. Енді бізге өлетін керек,
тек Алла балалардың жамандығын естірмесін» деді. Сонда нәнем: «Ей,
Қазтай, олай деме, немене біз Аллаға арыз жазып өлмей отырмыз ба? Алу да,
алмау да Алланың өз қолында, бір күн болса да жарық дүниені көргенге
жетер бар ма? Денсаулықты сол үшін сұрап отырмын» деді. Менің тәтем
үндемей қалды. Мен де, Ербол, Мұрат бәріміз күліп жатырмыз. Нәнемнің
тапқырлығына разы болдық. Екі әпкелі-сіңлілі екі жұмадай бірге болды.
Үйдегі күтуші қыз екі апаға жақсылап қарады. Кешке Ербол екеуміз
жұмыстан келген соң бір мәре-сәре болып аламыз да, мен баяғы ала қағазды
шұқылап отырамын.
Ертеңіне нәнем: «Гүлтас-ау, осы сен ұйықтайсың ба? Таңға дейін
отырдың ғой» деді. Сонда алтын енем: «Гүлтастың
бір рет тыныштықпен
ұйықтағанын көрген емеспін. Енді мынау асудан аман-есен өтсе, жарығым
бір демалатын шығар. Нәне, сен де батаңды бер», – деп еді.
Енем 2010 жылы 26 желтоқсанда жарық дүниені тастап кетті. Солай,
батагөй бір тілекшім бақи дүниеге аттанды. Жанымды жылытып тұратын
энергия көзі еді. Пейілімен, сөзімен, дәрмені бар кезде соғымымызға дейін
жіберіп тұратын. Ауылға барғанда баладай мәз болып қуанушы еді. Әке,
бәріне де керек ана еді. Білесің бе, бірақ мен қатты жетім қалғандай болдым.
Екеуміздің арамызда бір үлкен сезім, үлкен тартылыс күші бар еді ...
Рухымен жебейді, бірақ кеудемдегі сағынышым ұлғайып барады. Есіме
түскен сайын жылап-жылап аламын.
2011 жылы 92-ге келген Жамбылдағы
нәнемізді ауылға апарып
қайттық. Сіңлісіне аллаһу акпар айтып, орнына барып қайтсын деп ойладық.
Ол үлкен ерлік болды. Әке, сен ол кісіні жақсы білесің ғой. Шалы Қақантай
атамыз қандай жақсы кісі еді, марқұм. Шалы қайтыс болды, одан кейін ұлы
Сағат о дүниелік болды. Содан соң нәнемнің жағдайын ойлап, Жамбылға
96
тұрмысқа шыққан қызы өзім қараймын деп алып кеткен болатын. 90 жыл
бойы Шығыстың керемет жері Қатон-Қарағайда өмір сүріп, әбден
қартайғанда елі де бөтен, жері де бөтен, табиғаты мүлдем басқа елге келіп
тұру оңай емес қой. Нәнемді керемет қадірлеп, сыйлап, күйеубаласы да,
немерелері де асты-үстіне түсіп отырды. Есбол қайнымның тұңғышы Рүстем
үйленіп, сол тойға бара жатып нәнемді апарып келдік қой. Содан кейін нәнем
бір жылға жетпей, 2012 жылы сәуір айында дүниеден озды.
Елге нәнемді
апарып келгенімізге Ербол екеуміз керемет дәл осы күнге дейін қуанамыз.
Сөйтіп нәнемнің де ақ батасын алған едік.
Қазір енемнің өзінен кейінгі сіңлісі Сара нәнем Астанада тұрады. Қызы
Баянның қызы Қаламқас Астанаға оқуға түскен. Мұндай жақсы болар ма,
нәнеммен күнде хабарласып, апта сайын ыстық, дәмді тамағын жеп бала
болдық та қалдық. Енді Алладан нәнемді, оның балаларының,
немере-
шөберелерінің амандығын тілеп отырмыз. Олар аман-есен болса, нәнемнің де
көңілі жақсы болады емес пе? Бізге одан басқа түк те керек емес.
Әке, енемді қалай жоқтағанымды сен естіген жоқ едің ғой. Соны беріп
отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: