Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет42/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

 
Ана жаулығы 
(Қазына енемнің рухына) 
Ана жүрек тоқтады, 
Тоқтады, қайта соқпады. 
Ақ жаулығын иіскелеп, 
Ақ келіні жоқтады. 
Кемеңгерім, келбеттім, 
Келмеске, анам, сен кеттің. 
Тірлігіңде жан анам,
Ақ бесікті тербеттің. 
Аппақ еді тілегің, 
Шуақты еді реңің. 
Балаларың деп қана 
Соғушы ед сенің жүрегің. 
Дархан еді көңілің, 
Аппақ еді пейілің. 
Тілектен ғана тұратын, 
Сенің сөзің, лебізің. 
Еланам-ау, ардақты, 
Жан едің анам, жан-жақты. 
Қайыңдыдағы бұлақтай, 


97 
Сөнбейтін мәңгі шырақтай, 
Тарту күшімен тартатын 
Анашым қайда салмақты? 
Ошағанды отты кен, 
Сені іздеп анам кетіп ед, 
Көрмедің бе анамды? 
Шабанбай жасыл жайлауым, 
Байлыққа толы қойнауың, 
Анамды іздеп келіп ем, 
Жараспай тұр өзіңе 
Анамды тығып қойғаның. 
«Ақ жаулығын анаңның 
Рухын биік көтеріп, 
Ақ құс келіп ап кетті 
Алтай таудың басына». 
Деп мұңайды ақ қайың, 
Жылады ол да қосыла... 
Қамшы сөз: Енеңді сыйласаң ене болатыныңды ұмытпа, қартты 
сыйласаң ертең өзің де қартаятыныңды есіңе ал.
 
Сансызбай нағашым жігіттің жампозы еді ғой ... 
Әке, Сансызбай нағашымның қайғысы саған қатты батқанын білемін. Амал не, 
Иесі берді, Иесі қайтарып алды. Көрсетті, көндік деген едік қой... Мынау нағашымның 40 
күніне газетке арнап жызылған дүние еді. Сансызбай нағашымның да рухы қасыңда 
болар, әдейі беріп отырмын. 
 
Жанына жақсылықтан қор жинап, ізгіліктен із салған, қолда барын 
бөліп беріп, тәніне түскен науқастан жаны жарымдалған мүгедек жандарға 
жақсылық жасаудан алдына жан салмаған аптал азамат, Атымайдай жомарт 
Сансызбай Әбдірахманұлының бақилық дүниеге кеткеніне де қырық күн 
болып қалды.
«Қайткенде адам қалад адам болып?» деп Шыңғыс Айтматов 
айтпақшы, өмірінің соңғы күніне дейін жер астынан қазба байлық іздеген 
геологтардай жақсылық жасау көздерін тауып, іздеп, енді міне таптым деген 
күні Алланың бұйрығы келіп, өзінің адал жары, бала-шағасының көз алдында 
ақ өлімнің ақ жамылғысын жамылып, көз жұмды.
Маңдайы жарқырап, нұр толған, мейірімге толы жанарымен-ақ 
кездескен, сөйлескен адамын өмірге құштар ететін Сансызбай Саурықов бала 
кезінен-ақ даналықтың еліне жақын еді. Мектепте оқып жүргенде барлық 
пәнді жақсы оқитын, өзінің бейімі математика, физика болып тұрғанмен 
әдебиетті, көркем шығармаларды оқуды ұнататын. Таң атқанша бір кітапты 
оқып, таңертең сабаққа тұрып бара беретін. Оның жанындағы ізгілік, 


98 
адамгершілік атаның қанымен, ананың мейірім-шуағымен келгенін білеміз, 
сөйтседе енді бір арнасы көркем әдебиет болғаны анық. Ол ұлы жазушы 
М.Әуезовтің классикалық шығармаларын «Абай жолынан» басқа «Қараш-
Қараш оқиғасын сүйсініп оқыған еді. Ол: «Бақтығұлдың ерлігінен гөрі өрлігі 
ұнайды» дейтін. Бір түрлі өзі де іштей Бақтығұлға ұқсауға тырысатын.
«Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романын сүйсініп оқып, 
жастықтың жалынын көрсету керек екенін, елін сүйгенде солардай сүю 
керектігін талай айтқанын естігенбіз. Жастай әкесінен айырылған Сансызбай 
14-
15 жасынын үлкендікті мойындап, артындағы екі інісімен, анасына, 
өзімен тетелес әпкесі Ұлжанға қамқорлық жасауды, соларды қанаттыға 
қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмауды өзіне міндет етіп алды. Ол бала болып 
та, жігіт болып та селтеңдеп, жеңілтек болған жоқ. Ол қызық қуған жоқ, 
оның жанарына үңілген жұрт тұңғиық ойды көретін, әңгімелескен жұрт 
салиқалы, сабырлы, ойлы әңгімесін есітіп, сүйсінетін.
Заманның суық желі соғып, ызғарлы өмірдің суығына халық тоңып
тарыққан шақта Сансызбай Әбдірахманұлы бейғамдық таныта алмады. 
Құлап бара жатқан тауды иығымен сүйегісі келді, шөліркеген халқына 
Толағай батырдай тау көтеріп әкелгісі келді. «Аяқ-қолы балғадай, тепсе темір 
үзетін жігіттер нанын тауып жер, жарым-жан, мүгедек жандар қайтеді деген 
ой мазалап, қалайда ондай жандарға көмектесу керек» деп, түнде кірпік 
ілмей, күндіз аяқ тоздырып, аудан басшыларымен ақылдаса отырып, 
«Жасұлан» кооперативін құрды. Ондағы мақсаты мүгедектерге, еңбекке 
жарамсыз жандарға азық-түлікпен көмектесу еді. Данышпан халқымыз: «аш 
бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш боламын деп ойламайды» деген 
қағидалы сөзін қадап айтқанда, адам болмысына тән қасиет болғандықтан 
айтылған ғой. Ал тумысынан ізгі жан, табиғаты ерекше жан Сансызбай 
Абдірахманұлы үшін айтылмағаны анық. Ол бір журналистке берген 
сұхбатында: «Біреуге жақсылық істегеннен артық бақыт бар ма?» деген екен. 
Жақсылық жасауды бақытына балаған, көрген пайдасы емес, алған алғысына 
қуанған Сансызбай ел игілігіне қызмет жасады. Ол Жуалы ауданы бойынша 
тұңғыш кооператив ашқан, қоғамның ағымын ерте сезініп, халықтың 
сансырап тозып кетпеуі үшін аудан орталығында бос тұрып, тозып бара 
жатқан бұрынғы киім-кешек дүкенін жалға алып, ішін халық тұтынатын 
заттармен толтырды. Ол әкелген тауарларына аспандағы бағаны емес
жердегі бағаны қойып сатты. Сансызбай аудандағы сегіз жүзге тарта 
мүгедектерге арзан бағамен ет, сүт өнімдерін, ұн т.б. азық-түлік, одан басқа 
құрылыс материалдарын өз құнынынан арзан бағамен апарып беріп, талай 
жанның алғысына бөленіп жүрді. Кооперативтің ол шығынын жаңағыдай 
дүкендер арқылы, қой, жылқы, сиыр өсіріп толықтырды. Ол 2 мың бас қойға 
қора, малшыларға үй соқты. Егістік жер алып, жоңышқа, мақсары, арпа екті. 
Құрылысқа да қол ұшын берді. Күреңбел, Мыңбұлақ, Кәріқорған елді 
мекендерде мектеп үйін салуға да өз үлесін қосты.
Ағайын бар болса, көре алмайды, жоқ болсаң, бөліп бере алмайды 
дегендей, аяқтан шалушылар да жеткілікті еді. Абай дана айтпақшы: 


99 
«Бүгінгілердің достығы достық емес, алдау. Дұшпандығы кейіс емес, не 
күндестік, не тыныш отыра алмағандық» деген ойы дәл Сансызбайдың 
жанындағы дос-дұшпанынан да табылды. Бірақ ұлы мұраттағы ісіне адал жан 
оның ешбіріне мойыған жоқ.
Сансызбай отбасында жеті перзент сүйіп, өнегелі тәрбие берген 
ардақты әке, Күлімхандай адал жардың отағасы еді. Ол балаларына ақыл 
айтып, өнегелі іс көрсетуде қайнар бұлақтай сарқылмайтын, өз әкесі 
Әбдірахманнан келе жатқан парасат биігін төмендетіп көрген емес, оның 
бойында бабалары Саурық, Балпық, Қойбақтардың батырлығы
елбасқарушылық өнері бар еді, оның бойында әкесінің туған бауыры 
Әбдірәлі атаның шабандоздық, мәрттік қасиеті бар еді. Сансызбай жасқа жас 
болғанмен ойға кәрі еді. Ол артынан ерген бауырлары Сағынтай мен 
Амантайға, Әбдірәлі көкесінен жастай жетім қалған ағайын бауырланына 
туған әкедей елжіреп тұрушы еді. Қолында барын аямай беруші еді.
Ажалға айла тауып, араша түсе алмаған бауырлары, балалары, дос-
жарандары Сансызбайды бақилық дүниесіне аттандырар жаназасында ақ 
жарылып сөйлеп, арман асуын бағындыруға үміт еткен, асыл жанды қимай, 
көздерінен жас төгіліп, тамақтарына өксік тығылып шер-сөздерін арнаған 
еді.
Бас құрап, отау тігіп үлгермеген балалалары ел ағасы Еркінбек 
Солтыбаевтың, әкесін сыйлаған ағайын-туыс, дос-жарандардың сөздерін 
есітіп тұрып, әке аманатын сезінді. Әкесі ел аузындағы азамат болса, сол биік 
бұларға да бұйыру керек екенін іштей сезініп те, өздерінің алдына мақсат 
қойып тұрғанын да көпшілік халық сезгендей болды.
 
Сансызбай Алланың сүйген құлы еді. Оның артында кейін бәйтерек 
болатын төрт ұлы, сая болатын үш қыз баласы қалды. Алла оларға өмір 
берсе, әке арманын шыңға шығаратынына сенеміз.
Соңғы екі жылда Сансызбай қасиетті Жуалы жерін көк майсаға орап, 
алма бағын жасамақ ниетпен 4000 терек, 1200 алма ағашын отырғызыпты. 
Олар да әлі-ақ бойы көк тіреп көгеріп, алма жемісі ел ырызығына айналары 
сөзсіз. Ер азаматттың үш парызын адал атқарған: әйел алып, бала сүйген, 
балаларына пана жасап, үй салған, ел ырызығы үшін ағаш отырғызған 
Алланың құлы бақилық дүниесінде Алла мейіріміне бөленеріне, жұмақ 
төрінен орын алатынына сенеміз, Алла тілегімізді берсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет