Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

*** 
 
Қамшы сөз: ата-анаңның көзі тірісіндегі әрекетің – еркелік, көзі 
кеткендегі әрекетің – жауапкершілік.
 
 
Әке, бұл 2000 жылы болатын. Бауыржан Момышұлының 90 жылдық 
тойы. Шәмша әпкем сол тойға мені ертіп алды.
Таразға бардық Бауыржан Момышұлының ескерткіші ашылды. Тойдың 
салтанатты жиыны болды. Содан соң Жуалыға бардық. Музейі ашылды. 


100 
Шәмша әпкем ол кезде сенатор. Сол ксінің өтініш сұрауымен мен Жуалыда, 
ескерткіш басында Бауыржан Момышұлына арналған өлеңімді оқып едім.
Бауыржан Момышұлының рухымен сырласу 
(Б.Момышұлының 90 жылдық мерейтойына арналған өлең ) 
Өмір жолым осы тойға келді алып,
О, Жаратқан, ғұмырыма бер жарық. 
Бауыржандай ұл сыйлаған Алашқа, 
Біздің халық – батыр халық, ер халық! 
Туған жерің – жер жанаты Жуалы, 
Аман болса, сендей ұлдар туады. 
Рухы асқақ Ер қазақты есіне ап, 
Ақ жаңбырлар тауларымды жуады. 
Ортасында дуылдаған достардың, 
Осы асыл арманымды қостар кім? 
Мен қиналған кездерімде қанша рет, 
Бауыржандай биігімді еске алдым. 
Сені іздейді сайын далаң бұлдырап, 
Сені іздейді жұлдызды аспан тұнжырап. 
Оралмаған батыр ұлын сағынып
Жабырқайды туған жерің Мыңбұлақ. 
Мен тағдырдан жалғыз бақыт сұраппын, 
Өзіңде алғаш қуаныппын, жылаппын. 
Осы жерде мен де туып, Жан аға, 
Мың бірінші алысқа аққан бұлақпын. 
Асқақ-асқақ тауларменен таластың, 
Екі тумас өр ұлдары Алаштың. 
Шыңғыс шыққан шағын айыл осында, 
Ал Мыңбұлақ етегінде Манастың... 
Өзің көрген ауыл аман, ел аман, 
Өзің кешкен өзен аман, көл аман. 
Астанада отыра алмай алаңсыз, 
«Бауыржан» деп, шырылдайды Шер ағам. 
Сонау сәби, сол алаңсыз шақтардың, 
Арасында жел тербеген бақтардың, 
Бұл ғұмырда мақтансам мен егерде, 
Дәл өзіңнің өрлігіңмен мақтандым. 
Сендей адам өмірге екі келмейді, 
Лебізіңе елің талай шөлдейді. 
Алаш аман тұрса ағайын, өмірде, 
Бауыржандай батыр қазақ өлмейді. 


101 
Әке, саған тартқан бір қасиетім болса, ол достықты қадірлеу шығар. Ал 
жалпы, сендерге емес, өзімнің апама тартқанымды біліп қой. Менің бала 
кезден бергі досым Зафира. Оны өте жақсы көремін. 2010 жылы жазда жары 
Бақытхан (біздің жиеніміз Сындар әпкем мен Мейірхан жездемнің баласы) 
жүрек талмасынан аяқ астынан кетіп қалды. Екеуміз Алматыдан жаназасына 
бардық емес пе? Зафираны марқұм апам да, сендер де жақсы көрдіңдер. 
Алладан үлкен тілегім – менің адал досым Зафира Бақытханның көрмеген 
қызықтарын көріп, балаларымен, немерелерімен ұзақ жасаса екен.
Алматыдағы достарымыздың бәрін білесің. Ең бір асыл досымыз 
Ақылбек (Ержанов) еді. Ол да өмірден ерте кетті. Оның баладай таза жүрегі, 
аппақ көңілі, көмектесуге қашан да дайын тұратын пейілі керемет еді ғой. 
Қолынан бәрі келетін. Домбыраны жасағанда жанының бөлшегін салатын. 
Оның домбырасынан жүрегінің үні сезілетін. Ақыл ағаның арқасында оның 
жары Кенжеш, достарымызбен Біләл (Ысқақов), Райхан, Қабдеш, Қалида, 
Жанас, Жанаттармен мәңгілікке бірге қалдық. Қуанышмыз да, қайғымыз да 
ортақ. Біздің достарымыз сендерді өз әке-шешелеріндей көрді.
Мейрамгүл досымды сен Мейраш деуші едің ғой. Ол қазір менің 
қасымда. Алла жазса, жақсылықтары көп болғалы тұр. Қазір кафедрамда 
сені, шешемді жақсы білетін сол ғана. Сондықтан маған сүйеу де, тіреу де 
болып жүрген сол досым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет