Грамматика әлемі



бет2/6
Дата12.11.2023
өлшемі60.64 Kb.
#483082
1   2   3   4   5   6
грамматика әлемі

Бағдарламаның мақсаты:

Оқыту барысында оқушылар көргенін жеткізе алуға, танымдық қабілетін кеңейтуге, нақты жауап беруге, жеке тұлға ретінде ой-санасын ояту. Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру арқылы шәкірт бойына ұлттық құндылықтарды,адамгершілік мінез-құлықтарды ұялату және өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге үйренуінде олардың түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыра білуге үйрету.




Бағдарламаның міндеті:



  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту;

  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқушының өмірге қажетті білім,білік дағдысын қалыптастыру;

  • Сауатты, жүйелі, анық, бейнелі сөйлеуге дағдыландыра отырып, ақыл-ойын, интеллек-туалдық белсенділіктерін арттыру.

Бағдарламаның өзектілігі
Қазақ тілі сабағында алған білімдерін толықтырып, жетілдіре отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді. Бағдарлама «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған бағдарлама бойынша базалық білім мазмұны бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес негізгі оқулыққа көмекші құрал ретінде және бағдарламаны толықтыру мақсатында ұсынылады.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
(1-сынып, барлығы 33 сағат)
1-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Кіріспе
Танымдық грамматика пәні туралы мәлімет беру,түсіндірме айту
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Мектеп-білім ордасы

Мектеп жайлы білімдерін ортаға сала отырып,оқу ордасы туралы ойларын кеңейту


3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Менің отбасым» сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру
Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып,оқушылардың ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жасырылған затты тап» ойыны
Затты бейнелеп айту арқылы таба білуге , бейнелі сөздерді орынды қолдана білу
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Алтын күз» әңгіме құрастыру
Мезгіл туралы білімдерін кеңейту, әңгіме құрастыру.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Дыбыстар әлемі»
Жалпы дыбыстар туралы білімдерін тереңдету
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Сөз құрастыру
Кеспе буындардан бірнеше сөздер құрастырып,сол сөздерді қатысытырып сөйлем құрастыруға үйрету.
8-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Білместің тілінен
Қате айтылған сөздермен жұмыс жасау
9-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Біз не үйрендік?
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында тест жұмысын орындату
10-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:«Ертегілер әлемінде»
Ертегі мазмұнын байланысты түрде жеткізе білуге,жақсы әдептерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу
11-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Сөздік диктант
П,б дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктерін түсіндіру. Дұрыс дыбыстап, сауатты жазуға баулу. Терме диктант алу.
12-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Оқу,білімге байланысты мақалдар айтқыза отырып,сөздерді дұрыс,анық айтуға жаттықтыру
13-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Бұл қандай әріптер?» жұмбақты ойын
Ойын арқылы метаграммаларды шешу.
14-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жоғалған әріп»
Оқушылар сөз ішіндегі жоғалған әріпті,сөйлемдегі түсіп қалған сөзді табу.Құрамында я,ю,ё дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасату
15-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Диктант.
Мәтіндік диктант жазуға қалыптастыру
16-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Қазақ әліпбиі
Әріптердің атауларларын дұрыс атап,әліпби ретімен дұрыс айта білуге жаттықтыру.
17-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Оқимын,ойлаймын,ойнаймын»
Берілген мәтінді дұрыс оқып,мазмұнын өз сөзімен толық әңгімелеуге үйрету. Сурет бойынша 2-3 сөйлем жазғызу.
18-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Сөйлеу
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асатынын түсіндіру. тіл қарым-қатынас құралы екенін негізге ала отырып, оқушыларды бір-бірімен ауызекі сөйлету.
19-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Дыбыстарды өз үйшігіне орналастыр»ойыны
Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінуі

20-сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Айтылуына қарай сөздерді топтау
Сөздердің жуан және жіңішке болып айтылуына қарай топтастыру. Сөз құрастырып, дыбыстық талдау жасату.
21-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Құрастырған әңгімеден жуан және жіңішке айтылатын сөздерді тапқызу. Сол сөздерге талдау жасау.
22-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ертегі құрастыру (Жұп дауыстылар)
Ертегі желісін жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстарға байланысты құрастыруға жетелеу. Оларды анықтап, мысал келтіру.
23-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:У дыбысы
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
24-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Қосарлы дауысты дыбыстар
Қосарлы дыбыстардың айтылуы мен жазылуына көңіл аударту
25-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: У,ң,й дыбыстарының дұрыс жазылу емлесі.
У,ң,й дыбыстарының дұрыс жазылуын, дұрыс буынға бөлінуін нешінші буында тұрғанын түсіндіру. Сәйкестендіру тестін орындату.
26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Көңілді көктем келді» әңгіме құрастыру,өлең жаттату
Құрастырған әңгімеден 1,2,3,4 буынды сөздерді тапқызу, дыбыстық-буындық талдау жасату.
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Буын
3,4 буынды сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету. Тасымалданбайтын сөздерді мәтіннен тапқызу.
28-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып,соңына нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі қойлады. Осы белгілергі байланысты сөйлемдер құрату.
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер
Зат есімдерге қойылатын сұрақтар
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер
Жалқы есім туралы білімдерін кеңейту
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Заттың қимылын білдіретін сөздер
Қимылды білдіретін сөздерге дұрыс сұрақ қоя білу,мәтіннің ішінен қимылды білдіретін сөздерді тапқызу
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Заттың санын,сынын білдіретін сөздер
Заттың санын,сынын білдіретін сөздерге дұрыс сұрақ қоя білу,олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтау
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы:Қорытынды сабақ
Жыл бойы өткен бағдарламаны пысықтау, қайталау. Тест орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет