Грамматикасы


Етістік тіркесті күрделі баяндауыш



бет108/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Етістік тіркесті күрделі баяндауыш


Мұндай күрделі баяндауыштың үш түрі бар:

  1. Модаль етістік тіркесті күрделі баяндауыш;

  2. Аспекті тіркесті күрделі баяндауыш;

  3. Етістік тіркесті баяндауыш.

1. Модаль етістік тіркесті күрделі баяндауыш модаль мағына­ лы етістіктің тиянақты түрі мен тұйық етістіктен жасалады. Күр­ делі баяндауыштың бірінші компоненті модальділік мағынаны білдіреді, яғни негізгі берілген іс­әрекеттің мүмкіндігін, міндет­ тілігін қажеттілігін, күмәнділігін, (айтушының) қалауды білді­ реді. Баяндауыштың екінші компоненті іс­қимылды, әрекетті (лексикалық мағынаны) білдіреді. Модаль етістікті күрделі баян­ дауыштың мынадай түрлері бар:

  1. Модаль етістік пен тұйық етістіктің тіркесі. He might be ill (Ол ауырып қалуы мүмкін). We must hurry (Біздің асығуымыз керек).

Can I have your pen? (Сіздің қаламыңызды ала тұруға бола ма?)
She needn’t come early (Оған ерте келудің қажеті жоқ).

  1. Модаль сөздердің эквиваленті мен тұйық етістік тіркесі. He is able to restore this photo (Ол мына суретті қалпына келтіре алады).

We have to stay after the classes for football match (Бізге сабақтан кейін футбол ойнауға қалуға тура келеді).
Who is to look after flowers? (Гүлдерді кім күтуі керек?)

  1. Модаль сөз тіркестері мен тұйық етістік тіркесі.

He is permitted to attend language classes (Оған тіл үйренетін сабаққа баруға рұқсат етіледі).
Children are not allowed to go out late hours (Кеш мезгілінде балаларға далаға шығуға рұқсат етілмейді).
I’d like to learn foreign language (Мен шетел тілін үйренгім келеді (үйренер едім).
It is certain to rain (Жаңбыр жауатыны анық. Анық жаңбыр жауады).
They are going to join English club (Олар ағылшын тілі клубына кірмекші).

  1. Аспект мағыналы тіркесті күрделі баяндауыш бар. Аспект мағынаны (қалып етістіктер) білдіретін етістік пен негізгі етістік­ тен тұрады. Күрделі баяндауыштың құрамындағы қалып етістік­ тер іс­әрекеттің басталуын, қайталануын, үздіксіздігін, аяқталуын, тоқтауын білдіреді. Мұндай етістіктердің көп кездесетін түр­ леріне «begіn, start, contіnue, keep, stop, fіnіsh» етістіктері жатады. Сондай­ақ мұндай етістіктерге өткен уақыттағы әдетке, дағдыға айналған іс­әрекетті білдіретін «would»+тұйық етістік,

«used»+тұйық етістік конструкциялары да жатады.
She finished to draw (Ол сурет салуды аяқтады).
We continue discussing the problem till six (Біз сағат алтыға дейін талқылауды жалғастырдық).
Little child kept crying for a long time (Кішкентай бала ұзақ жылап жатты).
He is a terrible man when he starts fighting (Ол шайқасқанда өте қауіпті адам).
My grandmother used to take me to the theatre in my child­ hood (Бала кезімде әжем мені театрға алып баратын).

  1. Етістік тіркесті күрделі баяндауыш тиянақты етістік пен демеулік мағынаны білдіретін етістіктерден тұрады. Осы етіс­ тіктің екі формасы өзара тығыз мағыналық байланысқа түсіп, бір мағыналық бірлікті құрайды. Баяндауыштың бірінші элементі ниетті, меңзеуді көруді, мүмкіндікті, қимылды, орналасу күйін білдіретін «mean, try, seem, appear, chance, happen, prove, sit, lie, stand, turn out, run, go, come» етістіктерінен тұрады. Күрделі баяндауыштың екінші элементі тұйық етістік немесе етістіктің есімше формасынан жасалады.

It seemed to give her a wink (Ол көзін қысқан сияқты болды).
You try going without anything to eat (Сіз тамақ ішпей жүруге тырысасыз).
He turned out to be the best student in his group (Ол топтағы ең үздік студент болып шықты).
I didn’t mean to force you (Менің сізге қысым жасайын деген ойым жоқ).
She happened to be guilty for an traffic accident (Ол жол оқиғасына кінәлі болып шықты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет