Грамматикасы



бет107/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Жай баяндауыш


Жай баяндауыш мынадай сөздерден жасалады:

  1. Синтетикалық немесе аналитикалық формадағы тиянақты етістіктен жасалады.

Children play (Балалар ойнайды).
The children are playing (Балалар ойнап жүр).
Playing chess is my favourite thing (Шахмат ойнау – менің сүйікті ісім).

  1. Тиянақты етістіктің фразеологиялық эквиваленті арқылы жасалады. Мұндай етістіктерге «to have a cold, to have breakfast, to have a glance, to have a look, to have a talk, to give a way, to give a cry, to give a laugh, to make a dress, to make a mistake, to make noise, to make fuss, to make fun, to make use (of), to make up one’s mind, to change one’s mind, to take leave, to take place, to take part (in), to take care, to take a plaugh, to take an advantage, to lose sight, to keeep sight» т.б. осы сияқты фразеологиялық тіркестер жатады.

Let’s have a talk about our plan (Қане, жоспарымыз жайлы сөйлесейік).
He watched him in the distance and lost sight of him (Ол алысқа ұзап кеткенше бақылап тұрды да, сосын көз жазып қалды).
I don’t like to make fun of somebody (Мен біреуге күлгенді ұнатпаймын).
The child woke up and gave a cry (Бала оянды да, жылады). Peter made up his mind to be a doctor at the third year (Петр үшінші курста жүргенде балалар дәрігері болуды ұйғарды).

Есімнен жасалған күрделі баяндауыш


Есімнен жасалған күрделі баяндауыштың құрамы дәнекер­ леуші (байланыстыратын) етістік пен есімнен жасалған негізгі
бөліктен тұрады. Дәнекерлеуші етістік жақ, түр, шақ, аспект, рай, етіс грамматикалық категорияларды білдіреді. Негізгі етістік баяндауыштың лексикалық мағынасын білдіреді (бастауыштың күйін, сапасын т.б. білдіреді).
He is a teacher (Ол мұғалім).
It is (was, has been,will be ) all right Бұл дұрыс (болды; болып шықты; болады).
Дәнекерлеуші етістік мағынасына қарай үш топқа бөлінеді:

  1. Болмыс етістіктер: be, look, feel, sound, smell, taste.

  2. Қалып етістіктер: become, grow, get, turn.

  3. Қалыс етістіктер: remaіn, keep, stay.

She looked tired. She became tired. She remaіned tired (Ол шаршағандай көрінді. Ол шаршап қалды. Ол шаршаған күйінде қалды).
Сөйлемде дәнекерлеуші етістік қызметін атқарғанда, бұл етістіктер мағынасын жартылай жоғалтып, күрделі баяндауыш­ тың көмекші етістік элементі ретінде жұмсалады. Бірақ та басқа контекстерде толық мағыналы негізгі етістік ретінде баяндауыш­ тың қызметін атқарады.

Көмекші етістік

Негізгі етістік

They are gone (Олар кеткен).
«Олар өлген» деген мағынада.

He іs no more (Ол енді жоқ).

He turned red (Ол қызарып кетті).

She turned back (Ол кейін бұрылды).

You remaіn unchanged. (Сіз өзгермей қалдыңыз (өзгерме­ генсіз) І remaіn wіth you (Мен сізбен қаламын).
Сөйлемде дәнекерлеуші (көмекші) етістік қызметін атқарған­ да мұндай етістіктерден кейін үстеу емес, сын есім келеді. Өйткені мұндай сөздер баяндауышты емес, бастауышты анықтап тұрады.
It tastes too salty (Мұның тұзы ащы).
He looks very happy (Ол өте қуанышты көрінеді).
His speech sounds persuading (Оның сөзі адам сенетіндей естіледі).
Дегенмен, бұл етістіктердің кейбіреуі негізгі етістік қызметін атқарады және олармен бірге үстеу келуі мүмкін.
Children grow quickly (Балалар тез өседі).
Our town is getting nice (Біздің қаламыз әсемденіп келеді).
Күрделі баяндауыштың басты бөлігі лексикалық мағынасы бар негізгі сөзден тұратындықтан, олар мынадай сөздерден жасалады:

  1. Зат есім, зат есімді тіркес

It is a magic thing (Бұл сиқырлы нәрсе).
He is an honest, industrious man (Ол шыншыл, еңбекқор адам).

  1. Сын есім не сын есімді тіркес.

It is a difficult situation (Бұл қиын жағдай).
The question is urgent to solve (Бұл – шешімі кезек күттірмейтін мәселе).

  1. Есімдік

It’s yours (Бұл сіздікі).
This house is theirs (Бұл үй олардікі). Who is that? (Анау кім?)

  1. Сан есім

He is seventeen (Ол он жетіде). You are second (Сіз екіншісіз).

  1. Tұйық етістік не күрделі тұйық етіс тіркесі

My aim is to become an actor (Менің мақсатым – әртіс болу).
It is good for you to stay in (Сіздің үйде қалғаныңыз дұрыс).

  1. Герундий, күрделі герундийлі конструкция

My favoutite thing is swimming (Менің сүйікті ісім – суда шомылу).
It isn’t wasting time (Бұл уақытты босқа құрту емес).

  1. Есімше, көсемше

She seemed frightened (Ол қорыққан сияқты). It is unbelieving (Бұл (адам) нанғысыз).

  1. Сөйлем

It is what he can do for you (Оның сіз үшін істей алатыны
– осы).
The best support is to let him to fulfill his goal (Оны қолдаудың ең дұрысы – оның мақсатын іске асыруға мүмкіндік беру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет